Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған «Мамандық таңдаудың маңыздылығы» тақырыбында Беловодское орта мектебінде 2019 жылдың 20 қараша күні ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілді. Жиналыста «Баланың мамандық таңдау мәселесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама мамандық таңдаудағы балаға көмек көрсету жолдары, түлектер арасында ең танымал мамандықтар, қазіргі заманның табысты мамандары, болашақтың табысты мамандары туралы ата-аналарға ақпарат берілді.
Мектеп психологы Қызыр Айгул «Мамандық таңдай білесізбе?» тақырыбында ата-аналармен тренинг өткізді. Тренингке ата-аналар белсенді қатысып, мамандық таңдау мәселесіне байланысты өз ойларын ортаға салды, пікір алысты, сауалнама алынды. Сонымен қатар мектеп психологы Қызыр Айгул мамандықты дұрыс таңдау және балаларына көмек көрсетуге арналған төмендегідей психологиялық кеңестер берді.
Атап айтсақ:
«Кәсіп таңдау тек қана болашаққа үңілу емес, ол өзінің ішкі жан дүниеңе үңілу...» бірге отырып таңдау жасалған кәсіптің «Пайдалы және пайдасыз» жақтарын қарастырыңыз.
Болашақ мамандық таңдауда баланың да пікірін ескеріңіз. Мамандықты таңдағанда қаржылық жағын ескере бермей, моральдік жағына да көңіл бөліңіз.
Мамандық таңдауда балаға қысым көрсетпеңіз, әйтпесе ол келіспеушілікке әкелуі мүмкін. Бала арманының орындалуына барын салып ынталанса, оған сүйеніш болыңыз. Егер балаңыз таңдауда қателессе, оны жазғырмаңыз, қатені түзетуге болады. Егер балаңыздың қандай да бір кәсіпке қызығушылығы ерте ояна бастаса, оны үйірмелерге беріп, әдебиеттермен білімділігін қолдап отырыңыз, есіңізге ұстаңыз, кәмелетке толған, өзінің таңдауына жауап бере алатын адам, ақырғы шешімді баланың өзі жасау керек! Ата-аналар жиналысында мамандық таңдаудың маңызы туралы жан-жақты айтылды. Жиналыс соңында ата-аналар алғыстарын білдірді.Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған «Мамандық таңдаудың маңыздылығы» тақырыбында Беловодское орта мектебінде 2019 жылдың 20 қараша күні ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс 9 және 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілді. Жиналыста «Баланың мамандық таңдау мәселесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндама мамандық таңдаудағы балаға көмек көрсету жолдары, түлектер арасында ең танымал мамандықтар, қазіргі заманның табысты мамандары, болашақтың табысты мамандары туралы ата-аналарға ақпарат берілді.