Беловодское орта мектебінің тарихы
Ауылымызда ең алғашқы мектеп 1912 жылы салынған. Аңыз бойынша, мектептің ашылу салтанатына 1912 жылы губернатор келіп, басқа сыйлықтармен қатар мектепке қоңырау сыйлық еткен, ол қоңырау күні бүгінге дейін сақталған.
Осы жылдар аралығында мектепке көптеген адамдар жетекшілік етті. Олар: Дворников Александр Иванович, Шептин Николай, Малова Варвара Тимофеевна, Махаев Борис Алексанрович, Отрощенко Андрей Андреевич.
Жылдар жылжып өтіп жатты, ескі үйлер бұзылып, орнына жаңа үйлер салынды. Солай, 1983 жылы Школьная 12 мекенжайында қазіргі заманға сай 2 қабатты жаңа мектеп ғимаратының ірге тасы қаланып, 1986 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілген. Жаңа мектептің ең алғашқы түлектері 1986 жылы түлеп ұшты.
Мектеп басшылары ұжымымен бірге жемісті де, қажырлы еңбек етті. Адал да, қажырлы еңбектері үшін мұғалімдер аудандық білім беру бөлімі мақтау қағаздары мен марапатталынды, 5 жыл бойы, яғни 1984-1989 жылдары ауыспалы Қызыл Ту мектеп ұжымында болды.
1991-1993 жылдары мектеп директорының міндетін Барке Владимир Владимирович атқарды. Осы жылдары мектеп ұжымы аудандық озат ұстаздар қатарында болды.
1993 - 2002 оқу жылдары мектеп директоры міндетін Оспанов Мырзамсейіт Ермекбайұлы атқарды. 1993-1994 оқу жылдары алғашқы қазақ сыныптары ашыла бастады. Өзі ісін жақсы білетін Мырзамсейіт Ермекбайұлы жас мұғалімдерді тәрбиелеуге, үйретуге жанын салған тәлімгер ұстаз болды.
2002 - 2003 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Омарова Мугульсум Бековна атқарды. Осы оқу жылы алғашқы қазақ сынып қарылғаштары мектепті тәмамдады.
Сынып жетекшісі Құрманғалиева Гульшат Махмудовна болған 11 «а» қазақ сыныбын- 15 оқушы , сынып жетекшісі Серикбаева Балжан Төлегенқызы болған 11 «б» орыс сыныбын - 6 оқушы аяқтады.
2003 - 2005 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Кадрин Бакижан Төленұлы;
2005-2006 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Дарменова Бибигуль Молдатаевна;
2006 - 2007 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Матпуса Хурметхан ;
2007 - 2010 оқу жылдары мектеп директоры міндетін-Серикбаева Балжан Төлегенқызы атқарды. 2007 жылы мектеп жанынан жеке тәуелсіз жаңа от жағу орны салынды. 2008 жылы мектептің жылу жүйесі мен мектеп төбесі күрделі жөндеуден өтті. 2009 жылы көптен тоқтап қалған мектеп асханасы қайта жанданып, жаңа жабдықтармен толықтырылып, өз жұмысын бастады. Сонымен бірге 2009 жылдың қараша айынан бастап мектебімізде алғаш рет шағын орталық жұмыс жасай бастады.
2010 - 2014 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Дүйсенбаева Написа Жақсылыққызы атқарды. Бұл жылдары Написа Жақсылыққызының бастауымен , мұғалімдердің қолдауымен көптеген игі істер атқарылды. Мұғалімдердің өз қаражаттары есебінен: сынып кабинеттері заманауи жөндеуден өткізіліп, кабинеттерге, мектеп дәліздеріне жалюзилар алынып , мектепке су құбыры енгізіліп, екіжерде ішкі дәретхана іске қосылды. Сонымен 2012 жылы«Балапан» бағдарламасы аясында шағын орталықтың екінші кіші «Балдырған» тобы ашылып, жұмыс жасай бастады.
Осы жұмыстар нәтижесінде 2011-2012 оқу жылы мектебіміз жаңа оқу жылына «Мектептер дайындығы» бойынша аудан мектептері ішінен
І орын алып , сыйлық ретінде мектепке заманауи үлгідегі биология және химия кабинеттері берілді.
Мектебіміз Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден аудан бойынша:
2010 - 2011 оқу жылы 84 % ұпаймен 3-орын ;
2011 - 2012 оқу жылы 74% ұпаймен 2-орын ;
2012 - 2013 оқу жылы 87 % ұпаймен 1-орынды иеленді.
Осы мектептен түлеп ұшып, мемлекеттік гранттарға ие болған түлектер:
2003-2004 жыл түлегі-Анеф Саяхат Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университетінің филология факультетін;
2009- 2010 жылтүлегі Бекболат Еркегүл –Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін;
2010-2011 жылтүлегі Көкен Алтын - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Жаратылыстану факультетін;
2011-2012 жыл түлегі Хавылхан Лаура – Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Емдеу ісі факультетін;
2011-2012 жылтүлегі Жақсылық Ақерке –Арқалық Мемлекеттік Педагогикалық институтының Бастауыш білім беру факультетін;
Асханбек Ақбота – Көкшетау Ш.Уалиханов атындағы Мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультеттерін тәмамдады.
2014 - 2015 оқу жылдары мектеп директоры міндетін -Серикбаева Балжан Төлегенқызы атқарды. 2014 жылы мектепке өрт қауіпсіздігі дабылы орнатылды.
2015-2016 оқу жылынан бастап мектеп директоры міндетін
Омарова Мугульсум Бековна атқарды.
Ақмола облысы, Жақсы аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 30 қазандағы №а-11/291 жаңа жарғысына сәйкес «Беловодское орта мектебі » Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі деп аталатын болды. Мектептің жалпы көлемі - 2620м2 құрайды . Мектебіміз 2015-2016 оқужылынан бастап мемлекеттік білім беру қызметінің жаңа лицензиясын алып, аралас мектептен таза қазақ мектебіне айналды. 2016 жылдың мамыр айында мектеп мемлекеттік аттестациядан өтті.2016 жылдың қыркүйек айынан мектепке бейнебақылау орнатылған. Мектепте заман талабына сай 2 кабинет жабдықталған ( химия және биология) және 4 интербелсенді тақта жұмыс істейді, мектеп ғаламтор жүйесіне қосылған.2017-2018 оқу жылынан бастап мектеп директоры міндетін
Дүйсенбаев Мерекебай Жақсылықұлы атқарып келеді.
Мектебімізде медициналық кабинет, спорт залы, 36 орындық асхана және кітапхана жұмыс істейді. Кітап қорына тоқталатын болсақ: 5463 – оқу-әдістемелік құралдар, 7456 - көркем әдеби кітаптар, 148 - электронды оқулықтар бар. 2017 - 2018 оқу жылында мектебімізде 23 мұғалім жұмыс істейді, оның 21 жоғары білімді, 2 арнаулы орта білімді. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсақ :жоғары санатты -1, І санатты - 9, ІІ санатты – 5, санаты жоқ – 8 мұғалім бар. Мектебімізде 8 мұғалім деңгейлік, білім берудің жаңа үрдісі бойынша білім жетілдіру курстарынан барлығы өткен. Мектеп оқушыларының саны - 80, даярлық тобында – 11 бала, шағын орталықтың екі тобында барлығы– 35 бала тәрбиеленуде.
2018 - 2019 оқу жылында мектебімізде 23 мұғалім жұмыс істейді, оның 21 жоғары білімді, 2 арнаулы орта білімді. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсақ :жоғары санатты -1, І санатты - 9, ІІ санатты – 6, санаты жоқ –4 мұғалім бар. Мектебімізде 8 мұғалім деңгейлік, білім берудің жаңа үрдісі бойынша білім жетілдіру курстарынан барлығы өткен. Мектеп оқушыларының саны - 80, даярлық тобында – 10 бала, шағын орталықтың екі тобында барлығы– 33 бала тәрбиеленуде.
2019 - 2020 оқу жылында мектебімізде 20 мұғалім жұмыс істейді, оның 15 жоғары білімді, 5 арнаулы орта білімді. Мұғалімдердің сапалық құрамына тоқталатын болсақ :жоғары (санатты-педагог-сарапшы -1), І санатты – 8, (педагог-сарапшы-3), ІІ санатты – 8 ( педагог-мадератор-4), санаты жоқ – 3 мұғалім бар. Мектебімізде 8 мұғалім деңгейлік, білім берудің жаңа үрдісі бойынша білім жетілдіру курстарынан барлығы өткен. Мектеп оқушыларының саны -72, даярлық тобында – 7 бала, шағын орталықтың екі тобында барлығы– 33 бала тәрбиеленуде.