Тренинг
Тақырыбы: «Мамандықты дұрыс таңдай білесіз бе?»
Педагог – психолог: Қызыр Айгул
«Кім болғым келеді?»
Мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
- кәсіптік мамандық таңдаудың негізгі типтері мен факторлары туалы түсінік беру,
- кәсіптік мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын анықтау
- кәсіптік бағдар беру.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білі м алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Біздің мақсатымыз – оқушылардың кәсіптік қалыптасуымен байланысты өмір туралы, әлеуметтік құндылықтар туралы танымдылығын психологиялық – педагогикалық көмек көрсету.