"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі тану апталығы

Мектеп:Беловодское ОМ Мерзiм:12.02 20 №19 сабақ

Мұғалім Қызыр А

Сынып 7 Оқушы саны-8

Тақырып:Отбасылық құндылықтар

Құндылық: дұрыс әрекет.

Қасиеттер:қайырымдылық,жанашырлық

Сабақ мақсаты: отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру;

-қайырымдылық,жанашырлық қасиеттерін дамыту;

-оқушыларды отбасы алдындағы

Оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.сандық,асықтар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, топқа бөлу.

5 Т ережесін сақтау. 1.Тәртіп 2.Тазалық 3.Талап  4.Тыныштық   5.Татулық

Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Нұр сіздің төбеңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз.Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір-бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі,керемет гүл әр сезіміңізбен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.

  Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай.ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып тазарды.Енді қолдарыңыз тек жақсы ,игі істер ғана жасап,баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр,аяқтарыңыз нұрланып,тазара түсті.Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап,жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті.Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп,.тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап-жарық болғандай,ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.

  Нұр кеңейіп,сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған-туысқандарыңызға,ұстаздарыңыз бен достарыңызға ,таныстарыңызға бағыттаңыз. Нүрды уақытша ренжісіп қалған таныстарыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан-жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды өз жылуымен баурасын. «Ойша, Мен...Нұрмын,Нұр менің ішімде. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».

   Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз.Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет!

Сабақ барысын талдау:

 

 

 

 

 

 

 

Бетховен. «Лунная соната»

Дәйексөз.

«Отбасындаадамбойындағыасылқасиеттержарқырайкөрініпқалыптасады.Отанғадегеныстықсезімжақындарына,туған-туысқандарынадегенсүйіспеншілікпенбайланысты»Н.Назарбаев

Сұрақтар:

Осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер ?

Ұлдар бір рет айтады.Қыздар бір рет айтады.Сосын барлығы бірге қайталайды

Оқып үйренейік.

Атасы мен әжесі” Ж.Аязбекова

“Осынау бір түп-тамыры дана дәстүр,ата-бала-немере секілді ұрпақтың үш тармағын берік етіп бекітіп тастағандай” деген тұжырыммен келісесіңдер ме?Неліктен?

 

Сендердің отбасыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталған ба?Әңгімелеп бер.

 

Мұрат қандай құныдылықтарды бойына сіңіріп өсті?

Отбасының тарихынан не білесің?

Ата-бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды?

Ойланайық, пікірлесейік

Мұғалім сыйы “Отбасы құндылығы ” видеоролигін көрсету

Жаңа ақпарат

Отбасы-адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.Адамның өміріндегі ең қуанышты,қызық дәурені осы отбасында өтеді.Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің-ата-анаңды,туған туыстарыңды,жасы үлкендерді сыйлап,құрмет тұту,жасы кішілерге қамқорлық жасау,жан-жақты болып өсуге ұмтылу.Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың,атап айтқанда белгілі дәстүрлердің,жағымды өнегелер,мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу да біздің міндетіміз.

Оқулықта 74,75-бет

Шығармашылық жұмыс.

1-топ

Ұлы педагог В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып,ата-аналарыңның, алдындағы парыздарың туралы  жазыңдар.

2-топ.

Ұлы педагог В.Сухомлинскийдің кеңестерімен танысып,балалардың алдындағы ата-ананың парыздары туралы  жазыңдар.

Оқушылар топпен постер жасап, тақтаға шығып қорғайды

Топпен ән айту.

Сәби болғым келеді” сөзі:М.Мақатаев,әні:Т.Рахимов

Құс та болғымкелмейдіқанатым бар

Қанатым бар күмістенжаратылған

Сәбиболғымкеледі-ай, сәбиболғым

Бұлөмірденхабарсызжаңатуған

Сәбиболғымкеледі-ай, сәбиболғым

Бұлөмірденхабарсызжаңатуған

 От та болғымкелмейдіжылуым бар

Жылуым бар, керекпе, жылынындар

Сәбиболғымкеледі-ай, сәбиболғым

Күнсәулесіойнағантұлымымда

Сәбиболғымкеледі-ай, сәбиболғым

Күнсәулесіойнағантұлымымда

Сәбиболғымкеледі-ай, сәбиболғым

Күнсәулесіойнағантұлымымда

Қанатқағыпөміргеұшарымда

Кесілмесебәрібіртұсауым да

 

Үй тапсырмасы..

Ұлыма хат” үзінді Немат Келімбетов

79-80-бет оқып келу

Қорытынды: Соңғы тыныштық сәті.

- Енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған жақсы сөздерді, ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды, сөздерді жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндеріңе қуаныш әкелсін!

Жүректен-жүрекке

Алдарыңызда жатқан жүрекшеге бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып,тақтадағы жүрекке апарып жапсырыңыздар!

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 18.02.2020 17:07
Құрылған күні: 18.02.2020 17:07

Текст