"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылық кеңес

18.11.2021

Беловодское ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі

«Қамқорлық кеңес» отырысының

ХАТТАМАСЫ №1

Өткізілген күні: 13.09.2024

Қатысқандар: 9

 

 

Күн тәртібінде қаралаған мәселелер:

​1.  Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларымен танысу.

2. 2024-2025 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын бекіту және қамқоршылық кеңес мүшелерін енгізу, .

3. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға жәрдемдесу. Мектеп іс-шараларына қатысу.

4. Әртүрлі сұрақтар

 

Қамқоршылық кеңестің мүшелері:

  1. Алжасов Жанат – жеке кәсіпкер
  2. Бекжанов С.А – ауыл полиция инспекторы
  3. Әбдуахитова Д.Ә - тәрбие ісінің меңгерушісі
  4.  Анеф Нурлан – Нұр Отан партиясының мүшесі
  5. Бекболат Е- 1-сынып ата-аналар мүшесі
  6. Ахмедиярова К.А – Қамқоршылық кеңес хатшысы
  7. Абдуаитова А.Б – 9 сынып ата-аналар мүшесі
  8. Әбдуахитова Д.Ә – 8-сынып ата-аналар мүшесі
  9. Жусупова А.Т- 6-сынып ата-аналар мүшесі

1. Мектеп директоры Дуйсенбаев М.Ж  жиналысты ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі жоспармен таныстырып өтті. Онда бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларымен танысу.

 

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

 

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      2. Қамқоршылық кеңес Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарына, мемлекеттік емес білім беру ұйымдарына, сондай-ақ акционерлік қоғам нысанында құрылған мемлекеттік коммерциялық емес білім беру ұйымдарын қоспағанда білім беру ұйымдарында құрылады.

 

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

 

      3. Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара әрекет жасайды.

 

      4. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өз өкілеттігін орындауы өтеусіз негізде жүзеге асырылады деп таныстырды.

 

 

 

   Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесінің 2024-2025 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын бекіту. Қамқоршылық кеңестің төрағасы Дахай Ж  2024-2025 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңес жұмысының жоспарын таныстырды. Аталған жоспарға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі туралы ұсыныс тастады. Кеңеске қатысушылар жұмыс жоспарымен танысып, келісетіндерін жеткізді.

Үшінші мәселе бойынша мектептің тәрбие ісі меңгерушілері Алдабергенова Д.C, Абдуайтова А.Б. оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға жәрдемдесу және мектептің іс-шараларына қатысуға шақырды. Мектебіміздегі жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен отбасы, көп балалы  отбасы балаларына  демеушілік көмек көрсетілуі керек екендігі туралы айтып өтті. Мерекелерге байланысты ұйымдастырылатын  концерттік бағдарламаларға безедіруге және ата-аналардың балаларын қолдауы туралы көмек көрсетілуі керектігі жайлы ескертті.

Төртінші мәселе бойынша әртүрлі сұрақтар қойылды. Оның ішінде әлеуметтік-педагог Дарменова Б.М  аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың, оқу-құралдарының, мектепке жалпы дайындығы туралы сұрақ қойды. Сұраққа мектеп әкімшілігі толық жауап берді. Биылғы оқу жылында аз қамтылған отбасы балаларына үкімет тарапынан ақшалай көмек көрсетілгендігі және демеушілердің оқу-құралдармен қамтамасыз еткендігі туралы ақпарат берілді.

 

Шешім:

1. Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде жұмыстар жүргізілсін.

2.Қамқоршылық кеңестің жұмыс жоспары бойынша жұмыстар атқарылсын.

3. Оқу-тәрбие процесінің сапасын жақсартуға жәрдемдесіп және мектеп іс-шараларына қатысуға белсенділігі арттырылсын.

 

 

 

                             Хатшы                                       Двақызы А



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 18.11.2021 14:40
Құрылған күні: 20.11.2024 00:25

Текст