Тақырыбы: «Ұлттық валюта - төл теңге»
Мақсаты:
оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
Көрнекілігі:
«Ұлттық теңге мәртебесі» тақырыбындағы арнайы шағын көрме, баяндамалар, ребус, буклеттер, сауалнама, деңгей тапсырмалары.
Сабақтың түрі: танымдық сабақ.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды түгендеу, оқушыларадың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларда үш топқа бөлу. «Теңге», «доллар», «евро».
Оқушылардың баяндамалары.
Деңгей тапсырмалары.
Сауалнама.
Үздік шығарма жазған оқушыларды марапаттау.
Белсене қатысқан топтарды марапаттау
Қорытынды сөз.
Жетекші сөзі:
Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын. Оқушылар 15 қараша қандай күн? Білесіздер ме? 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық теңге күні болып есептелінеді. Олай болса бүгінгі біздің танымдық тәрбие сағатына «Жас қалам», «Жалын», «Би студиясы» клубтарының оқушылары 3 топқа бөлініп, бірнеше тапсырмаларды орындайтын боламыз.
1-топ «Теңге» - «Жас қалам»;
2-топ «Доллар» - «Би студиясы»;
3-топ «Евро» - «Жалын».
Баяндамалар оқылады:
Серікбай Мадияр «Тенге тарихы»;
Ильясова Диана «Алғашқы банкноттар»;
Ержігітов Мади «Теңгенің даму тарихы»;
Қожамсеитова Айша «Елбасының жарлықтары».
Деңгей тапсырмалары:
Ұлттық теңге жайлы не білеміз?
Арнайы тапсырмалар
І-деңгейдегі тапсырма
Ұлттық теңгеміз қай уақыттан бастап айналымға шыға бастады?
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» арнайы жарлыққа Елбасы қашан қол қойды?
Ақша дегеніміз не?
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Төл теңгеміздің авторлары кімдер?
Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында қанша номиналдық теңгені айналымға жіберді?
Қай жылдан бастап төл теңгеміз Қазақстанда басылып шығарыла бастады?
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Ақша тарихын арнайы зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Алғашқы көне тиындар қай қалада табылған?
Биыл төл теңгемізге қанша жыл?
Сауалнама:
Ұлттық теңге жайлы не білдік?
Арнайы сауалнама
Сұрақтар |
Иә |
Жоқ |
1993 жылы Ұлттық теңге айналымға еңгізілді |
|
|
Теңге авторы Жандарбек Мәлібеков |
|
|
20 теңгеде ұлы Абай атамыздық бейнесі сомдалған |
|
|
15 қараша ұлттық теңге күні |
|
|
Алғашқы көне тиындар көне Түркістан қаласында пайда болған |
|
|
50 теңгеде Ш.Уәлихановтың бейнесі сомдалған |
|
|
Нуизматика – көне жәдігерлерді зерттейтін ғылым саласы |
|
|
Ақша дегеніміз – айырбас құралы |
|
|
Елбасы 1995 жылы ұлттық валютаны еңгізу туралы жарлыққа қол қойды |
|
|
1993 жылдың 15 қарашасынан бастап теңге заңды төлем құралына айналды |
|
|
Жетекші сөзі:
Құрметті оқушылар 15 қараша ұлттық теңге күніне орай «Жас қалам» жас журналистер клубының ұйымдастыруымен клубішілік шығармалар байқауы өткен болатын. Сол байқауға белсене қатысып, үздік шығарма иелерін арнайы директордың алғыс хатымен марапаттаймыз. Сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.И .Роговой мырзаға беріледі. Төмендегі оқушыларды марапаттайды:
Омарова Айдана.
Қожамсеитова Айша.
Ержігітов Мади.
Серікбай Мадияр.
Ильясова Диана.
Бүгінгі танымдық тәрбие сағатына белсене қатысқан командаларды марапаттау құрметі директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Рыскелдиевнаға беріледі. «Теңге», «Доллар», «Евро» топтарын белсене қатысқаны үшін директордың арнайы алғыс хатытарымен марапатталады.
Қорытынды сөз:
Бүгінгі танымдық тәрбие сағатынан біз ұлттық теңгенің жалпы тарихымен оның маңыздылығын, қай уақыттан бастап айналымға шыққандығын, оның төл авторларының өмір-тынысымен, алғашқы банкноттар жайлы толық мәліметтер келтіре отырып, көптеген деректерге қанық болдыңыздар. 15 қараша ұлттық валюта теңге күні баршаңызға құтты болсын деген тілекпен біз бүгінгі «Ұлттық теңге мәртебесі» танымдық тәрбие сағатын аяқтаймыз, қатысқан барлық өзге клуб оқушыларына алғысымызды білдіреміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары;
Ж.Артықбаев, Ә.Пірманов «Қазақстан тарихы» энциклопедиялық басылым, Алматы, «Атамұра», 2008;
«Экономика білім негіздері» журналы;
Bilimdilеr.kz сайты.
І-деңгейдегі тапсырма
Ұлттық теңгеміз қай уақыттан бастап айналымға шыға бастады?
«Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» арнайы жарлыққа Елбасы қашан қол қойды?
Ақша дегеніміз не?
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Төл теңгеміздің авторлары кімдер?
Қазақстанның Ұлттық банкі республиканың тәуелсіздігіне 20-жыл толу қарсаңында қанша номиналдық теңгені айналымға жіберді?
Қай жылдан бастап төл теңгеміз Қазақстанда басылып шығарыла бастады?
ІІ-деңгейдегі тапсырма
Ақша тарихын арнайы зерттейтін ғылым саласы қалай аталады?
Алғашқы көне тиындар қай қалада табылған?
Биыл төл теңгемізге қанша жыл?