Текст
Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Беловодское ауылының жалпы орта мектебі»КММ жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығында жоспарына сәйкес 2024 жылдың 27 желтоқсанында «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілік өткізілді. Шағын-орталықтың кеңес беру пунктінің педагогтары ата-аналар мен балабақшаға бармайтын ерте жас кезеңіндегі балаларды жаңа жылдық мерекеге шақырды. Балалар мерекеге жаңа жылдық костюмдермен келді. Барлық балалар қуана-қуана өздерінің өнерлерін көрсетіп, ертегі қойылымын сахналап, тақпақ айтып, би билеп, хорға қосылды. Аяз Атаның сыйлықтары көп қуаныш пен эмоция туғызды. Көңілді мереке балалар мен ата-аналардың көптеген жағымды әсерлерін қалдырды.