"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұлттық комиисияның ата-аналар қауымдастығына үндеуі

23.01.2025
  • Құрметті ата-аналар!
    19 қаңтар күні Астанада баршамыздың жанымызға бататын қайғылы оқиға орын алды. Алдын ала ақпарат бойынша онлайн ойындарға шамадан тыс әуестікке байланысты жанжал туындап, салдарынан жақын туысқанының қолынан бір адам қайтыс болып, үшеуі жарақат алды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Біз қаза тапқан адамның жақындары мен туыстарына, сондай-ақ осы қайғыға душар болғандардың барлығына көңіл айтамыз. Бұл оқиға балаларымыз қызығатын және әуестенетін дүниелерге жіті көңіл бөлудің маңыздылығын көрсетеді. Бүгінде технологиялар – өміріміздің ажырамас бөлігі. Жастар, әсіресе жасөспірімдер, виртуалды әлемде уақыттарын көбірек өткізуде. «Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда балалардың 15%-дан астамы интернеттегі теріс мазмұнмен күнделікті кездеседі. Бейнеойындарға, әлеуметтік желілерге және онлайн қарым-қатынасқа тәуелділік артып келеді. Бұл көбінесе балалардың қоғамнан оқшаулануына алып келіп, отбасыдағы түсініспеушіліктер мен жанжалдарға себеп болады.
    Қазіргі заманның шынайылығы сол – балалармен қарым-қатынасқа көп уақыт бөліне бермейді. Дегенмен, балаларыңыздың өмірі мен денсаулығынан маңызды ештеңе жоқ. Отбасында сенімге негізделген атмосфера құрып, олардың қауіпсіздігін қадағалаңыз және ең бастысы – БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА ҮЛГІ БОЛА БІЛІҢІЗ.
    Бұл қайғылы оқиға бәрімізге үлкен сабақ болып, басымдықтарымызды қайта қарауға түрткі болады деп сенеміз. Отбасы, мемлекет және қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана біз балаларымыз үшін қауіпсіз әрі берекелі болашақ жасай аламыз. Балаларымыз аман болсын!
Просмотров: 341


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст