Текст
Заман ағымына ілесіп жылдам, жеңіл әрі сапалы қызмет көрсетуге қауқарсыз ел көп игіліктен қалыс қалады. Сондықтан, тиімді мемлекеттік басқаруда жаңа технологияларды енгізу - кезек күттірмейтін мәселе.
Елбасы өз жолдауында соған баса мән беріп, мазмұнын ашып айтқан еді. Онда кәсіпкерлер мен тұрғындардың шығындарын қысқарту және қажеттіліктерін кедергісіз өтеу қағидаты үлкен маңызға ие. Қазір халыққа қызмет көрсету орталығынсыз жұмыс бітпейді. Сондықтан ақпараттық жүйенің артықшылығын ескеріп үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы онлайн қызметке қол жеткізу үшін үкіметтік портал (Еgov.kz) порталы арқылы мемлекеттік, облыстық/аудандық мұрағаттардан анықтама алуға болатындығы туралы алғашқы сабақ өткізілді.