Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы №2
0
Хаттама №2
«Беловодское орта мектебі» КММ қамқоршылықкеңесініңотырысы
Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 01.03.2018
1. Мектептің ішкі жағдайы( мектептің оқу-тәрбиежоспары, жалпыоқушылар саны, әлеуметтік жағдай төмен отбасы, мектеп мүлкінің жағдайымен таныстыру)
2. «Қамқорлық» акциясының өтуі.
3. Наурыз айында өтетін мектепішілік іс-шараларға қатысу.
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы- Жумашова С. С.
Мүшелері:
1.Нугамидин Д. А.
2.Алжасов Ж
3. Абдуайтова А. Б.
4.Қызыр. А.
5. Жусупова А. Т.
6.Рашат Р.
7.Арин К.
8.Адуахитова Д. Ә.
Мектеп директоры М. Ж.. Дуйсенбаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашим Ө.
1. Тыңдалды: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашим Ө– мектеп әкімшілігі, ұстаздары, оқушылар кеңесі мен ата-аналар тобының бірлесіуімен құрылған мектептің ішкі ережесін, мектептің оқу –тәрбие жоспарымен таныстырды
-Оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысы
- Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі
- Ата-аналарменжұмыс
- ҚР "Білімтуралы" Заңының орындалуы
- ҚР "Тілдер туралы" Заңының орындалуы
-Мектептің материалдық- техникалық базасын дамыту
Жалпы оқушылар мен ұстаздар саны, жетім, әлеуметтік жағдай төмен отбасыларынан шықққан оқушылардың
сандық мәліметі, мектеп мүлкінің жағдайы жайлы мәліметтермен таныстырылды.
Шешімі: Қамқоршылық кеңес мүшелерін мектеп өміріне белсене қатыстыру.
2. Тыңдалды:
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашим Ө- «Қамқорлық» акциясының 1-наурыздан -1 сәуір аралығында өтетіні жайлы және акцияның мақсаты және өту барысымен таныстырды.
Акцияның мақсаты: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға Қазақстан Республикасының Заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарынаәлеуметтіккөмек пен қолдау көрсету . Әлеуметтік себептер бойынша (киім, аяқкиім, оқуқұралдары, мектептік керек жарақтарының) сабаққа балалардың келмеуінің алдын алу деп айтып өтті.
Шешімі: Акцияның өту барысы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылсын.
3. Тыңдалды: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ашим Ө– 2017-2018 оқу жылындағы оқу –тәрбие жоспарында көрсетілген наурыз айында өтетін іс-шаралар: «8 наурыз мерекесі», «Қош келдің, Наурыз», «Келешек көзі - балада», мерекелерінің өту барысы (суретгалереясы, қолөнеркөрмесі, мектепті безендіру, қатысатын оқушылар, келетін қонақтар, кейіпкелер костюмдері) туралы мәлімдеді.
Аталған іс- шаралардың өтуіне «Қамқоршылық кеңес» демеушілермен бірлесе отырып атсалысатындығын айтып өтті.
Шешімі: Жоспарланған іс-шаралар жоғарғы деңгейде ұйымдастырылып өткізілсін.
Қамқоршылық кеңес мүшелері мектеп өміріне белсене атсалыссын.
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Жумашова С. С.
Хатшы Абдуайтова А. Б.