Беловодское орта мектебінің «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ
№1
Өтілген күні: 26.09.17ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі,
ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған
мәселелер:
«Қамқоршылық кеңестің» ережесімен,
мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
«Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
Тыңдалды: 1-мәселе
а) Сөйледі:Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры М. Ж. Дуйсенбаев сөз алып, жиналысқа
қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы
№715бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім
беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың
қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері
мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп,
міндеттеріне тоқталды.
-Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған
бастамалар ұсынужәне оны талқылау.
-Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту
және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
-Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен
денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
-Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
-Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлы қәлеуетін күшейту.
- ҚМ берілген қаражаттай және заттай
бюджеттік қаржыны тиімді және анық пайдалану үшін механизм құру.
-Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
-Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды
тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары
мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
Тыңдалды: 2-мәселе
ә) Сөйледі:Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің
төрайымы Б.Займолда, Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне,
олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті. Жиналысқа қатысушылардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
Қамқоршылық кеңес
төрайымы: Жумашова Салтанат Сапарбекқызы
Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: Әбдуахитова Дина
Хатшы:Абдуайтова Ақмарал
Балғабаевна
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
1.Нугмидин Данияр
2.Қызыр Айгул
3. Алжасов Жанат
4. Жусупова Айсулуу
5. Рашат Рина
6. Арин Кенжегул
Шешімі:
1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне
сәйкес Беловодское орта мектебінде
құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2. Қамқоршылық кеңес құрамын
ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Жумашова Салтанат Сапарбекқызы
Хатшы: Абдуайтова Ақмарал Балғабаевна