"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан халқы тілдері онкүндігі

22.09.2018

Беловодское орта мектебінде өткен «Қазақстан халқы Тілдері» онкүндігінің есебі.

Беловодское орта мектебінде«Қазақстан халқы Тілдері күніне» орай «Тіл –достықтың дәнекері» атты 5-18 қыркүйек аралығында онкүндік өтті. Мектеп өмірінде пәндік апталықтардың тәрбиелік маңызы өте жоғары екендігі айтпаса да түсінікті.Пәндік немесе тақырыптық онкүндіктер мен апталықтар оқушылардың білімдерін тереңдетіп қана қоймай сонымен бірге өзге шет тілдерін меңгеруге деген қызығушылықтарын оятады,шығармашылықтарын шыңдайды. Сонымен бірге өзге ұлт өкілдерінің мәдениетінен де хабардар болады,эстетикалық талғамдары мен бірге өзге тілдерді

меңгеруге деген мотивациялары да оянады. Осыған орай жылда мектебімізде Тілдер онкүндігіне аса көңіл бөлінеді. Биылғы онкүндік ерекше өтті деуге болады себебі онкүндік 5- қыркүйек күні белгілі қоғам және мемлекет қызметкері әрі ағартушы, ғалым,ақын , аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі де бекер емес,Қазақстан Республикасының Үкіметінің 31қазан 2017жылғы қаулысына байланысты тілдер онкүндігі тақырыптық салтанатты жиынмен ашылды. Қоғамдық-гуманитарлық бірлестік мұғалімдерінің басшылығымен өткен бұл жиында үш тілде яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өлеңдер оқылды. Салтанатты жиын мемлекеттік әнұранмен ашылды,содан кейін оқушылар Отан, достық, тіл туралы өлеңдерін үш тілде оқыды.Мектеп басшысы Дүйсенбаев М.Ж жиынға қатысушыларды Тілдер онкүндігінің ашылуымен құттықтай отырып, үш тілді меңгерудің болашақта маңыздылығына тоқталды.Осы апталықта кішкентай сәбилер де назардан тыс қалмады мектепте қызмет көрсететін екі Шағын орталық  жетекшілері: Арин Кенжегуль мен Мизамхан Гульсиханның жетекшілік етуімен  бүлдіршіндер арасында «Бала тілі –бал» атты сайыс өтті. Бұл сайыс ата-аналар мен бүлдіршіндерді бір қуантып

тастады. Сайыстың жеңімпазы кішкентай топтың бүлдіршіні- Алтынбек Саят иеленді.

Сонымен бірге тіл жанашырлары әрі мамандарының қатысуымен мектептің тәрбие жұмысының жетекшісі Әшім Өзгербектің жетекшілік етуімен «Жаңа алфавит-жаңа ғасырдың жаңа тарихы» атты дөңгелек үстел өтті. Мұнда еліміздің жаңа латын алфавитіне көшу мәселесі көпшіліктің көңілінен шықты. Бастауыш сынып оқушыларының арасында өткен « Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» атты сайыс та оқушылардың көңілінен шықты. Сайыс жеңімпаздары 4-сынып оқушысы Егизбай Маншук пен 2-сынып оқушысы Серікжан Ақниет. Мектепте қазақтың

біртуар ақыны,лирик қазақтың өлеңінің дүлдүлі Мағжан Жұмабаевтың  125 жылдығына орай  «Алты алаштың ақиық ақыны» атты сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.

Просмотров: 345


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст