Ұстаз - ұлағатты есім
Қымбатты білім беру саласының қызметкерлері! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. “Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім мен ғылымда. Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр”,- деп Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала саналады. Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз. Ұстаз - қашаннан адам жанына жылу беріп, санасына сәуле түсіретін тұлға. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген құрмет қашан да ерекше. Қадірлі ұстаздар! Тәуелсіз елімізді әлемге танытатын, бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелейтін Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай
отырып, мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақ-дәулет тілеймін.