"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Күзгі бақ - 2018

13.10.2018

Күзгі бақта

Жылдың төрт мезгілінің ішінде күз мезгілі күзгі егіннің мол астығымен, жаңбырлы күндерімен, күзгі бақтағы

сарғайған жапырақтарымен еске түсетіні шындық. Осы күз мезгілі келісімен мектеп өмірінде де қызу тіршілік

басталып, әртүрлі тақырыптық шаралар жүзеге асады. Солардың бірі бастауыш сынып оқушыларының арасында «Күзгі бақ - 2018» атты сайыс болып өтті. Сайысқа қатысушыларға  таныстыру, өнер, түрлі сұрақтар және сән

үлгісінің көрсетілімі кезеңдері бойынша өткізілді. Оқушыларға ерекше ұнағаны –өнер сайысы. Бұл кезеңде үміткерлеріміз бойларындағы бар өнерлерін көрермендер назарына ұсынды. Сұрақ-жауап сайысында үміткерлердің білім деңгейіне баға берілді. «Сән үлгісін көрсету» кезеңінде оқушылар қиялындағы күз бейнесі көрсетілді. Сайыстың

арасында музыкалық ән-шашулар болды. Сайыс қортындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Бірінші орынды  2- сынып жұптары Еркебұлан мен Ақниет,  екінші орынды 4-сынып оқушылары Назерке мен Жебое, 3- орынды 3-ші және 1-ші-сынып сынып оқушысылары  иеленді. Осы бір табиғат мезгілдерінің бірі - күз мезгілінің көрінісін айқындайтын сайыс, оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, келесі күзге дейін жүректерінде есте қаларлықтай өтті десек артық емес. Себебі, сайыстың өз дәрежесінде тартымды да, жігерлі өткені жөнінде әділқазы алқасы өз сөзінде ерекше атап өтті. Мектебіміздегі талантты оқушыларымыздың бірі, 2 сынып оқушысы Серікжан Ақниет «Үздік

киім үлгісімен», 1 сынып қатысушылары «Керемет жұп» номинациясын жеңіп алды. Сайысқа қатысқан жеңімпаздар арнайы громаталармен марапатталды. Биылғы күзгі бал көптің көңілінен шығып, жоғары деңгейде өтті. Мұндай іс-шаралар жоқушыларымыздың бойында патриоттық сезімдерді де қалыптастыратыны сөзсіз.

 

Просмотров: 407


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст