Кеше мектебімізде «Күзгі кеш» сайысы өтті. Бұл сайысқа 5-11 сынып оқушылары қатысты. Өнерлі оқушыларды өрге сүйреп, талантын халыққа паш ету, қабілетін шыңдау, оларды құрбыластарына үлгі ету мақсатында өткен мектепішілік іс-шараға Беловодское орта мектебінің жоғарғы сынып оқушыларының өнерлі жұптары қатысты.
«Күзгі кештің» таныстыру, күзгі дәм кезеңдерінен қатысушылар сүрінбей өтті. Қойылған талаптарға жауапкершілікпен дайындалып келген оқушылардың тек күзгі сән, күзгі вальс және өз өнерлерін көрсеткенде
ғана баға айырмашылықтары көрінді. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі және мектеп медбикесі сайыскерлерге қазылық етті. 9-сынып атынан қатысқан Ұнатхан мен Март «Күз ханшайымы мен ханзадасы» атағына ие болды.Сайысқа қатысқан оқушылардың барлығы номинацияға ие болды.