Суицид – қоғамдағы проблемалардың бірі
Бүкіл Қазақстан Республикасы азаматтарын осы проблема қатты алаңдатып отыр. Себебі, қиял – ғажайып ертегілермен бір қазанда біте қайнасатын шынайы өмір осындай сауалды алдымыздан көлденең тартып отыр. Соңғы кездері жастар мен жасөспірімдер психологиялық күйзелісті, яғни стресті, депрессияға, яғни жандертіне ұшырауын бастарынан кешіп жүргендерін жиі кездестіреміз. Осыған орай Ақмола облысында 2017 жылы енгізіліп отырған «Жасөспірімдердің өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу»бағдарламасының пайдасы
зор деп ойлаймын. Өмір адамға бір-ақ реет келеді. Ал бітпес тіршіліктің сол тауқыметіне қарсы күрес, өз несібеңді айырып жесең соның өзі бақыт. Бірақ соқтықпалы, соқпалы өмірдің қиындығына кез – келген адам шыдай ала ма? Шыдауы керек деп жұбату сөзді айту жеңіл болғанымен, екінің бірінің жүйкесі мықты емес, ал жүйкесі жұқалар бүгінгі тіршілігінен гөрі бақилық дүниені дұрыс көріп, сол жаққа мезгілсіз аттанып жатады.
Оларды кінәлау орынсыз да шығар. Депрессияға және стерсске ұшырағандардың психолгиялық күйзелісі жастарды психолгиялық індетке ұшыратуда. Суицид – адамның өз-өзіне қолданылатын аяусыз жаза, өз Меніне ашылған
соғыс. Қазіргі босбелбеу жастар жоқшылыққа, қиыншылыққа төзе алмайды. Бос уақыттары көп, сабақ оқымайды, пайдалы заттармен айналыспайды, не жеймін, не киемін деп қайғырмайды, басына түскен проблемаларды жеңгісі келмейді. Депрессияға, стресске шалдыққан адам, өзіне көңілі ешқашан толмайды. Өмірден түңіледі. Сондай – ақ жасөспірімдерді өзіне – өзі қол жұмсауға жеткізудің басқа да фактілері анықталды, жылсайын әлемде 1 млн адам өз – өзіне қол салатындығы анықталды. Әлемде 20 секундта бір адам өлетіні де анықталып отыр.
Суицидтің шығу себептері:
1. Нарық экономикасына байланысты ең өзекті мәселе материалдық тұрмыстық қиыншылықтар;
2. Тұқым қуалаушылық фактілер;
3. Отбасылы құрыс – керіс, ата – ананың ажырасуы, жалғыздық, махаббатта жолы болмау;
4. Дімкәс, денсаулық, психикалық сырқаттық, белсіздік пен бедеулік;
5. Қылмыстық жауапкершліктен қашу, істеген ісінің ұятығынан қорқыныш;
6. Оқу орнындағы даулы мәселелер мен сәтсіздіктер;
7. Әртүрлі секталарға кіріп, одан шығу жолын таппау;
8. «Өмір сүруден шаршадың ба» атты арнайы сайтан интернет сайттар т.б..
9. Теледидардан көрсетіліп жатқан қарақшылық, жауыздық туралы фильмдер;
10. Арақ ішу, насыбай ату, нарктиктер пайдалану – осының бәрі жастардың миына кері әсер етуі.
«Өзіне – өзі қол салу» қазір төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен проблемаға айналып
бара жатыр. Кез келген өлімнің себебіне көз салсақ, өз –өзін құрбандыққа шалу әлемде сегізінші орын алып тұр. Ал жалпы өлім көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленеді екен.
Суицидке қарсы күреспесе, ол бүкіләлемдік қауіпке айналды. Әлемдік дерт төртқұрлық халқының 11 пайызы өзін – өзі құрбандыққа шалуға дайындық жасайтынын айтты.
Көпжағдайда оның шығу төркіні анықталмай, жұмбақ жағдайда қалады. Бұл сырқат әйелдерге қарағанда еркектердің арасында төрт есе жоғары. Қазір әлем бойынша 18-24 аралығындағы жастардың 80 пайызы өлім туралы көбірек ойлайды.
Сонымен қатар, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы суицид кедей елдерде ғана емес, қазір бай – қуатты елдерде өршіп бара жатқандығын да айтып отыр. Бұл індет, мұсылман, христиан, католик, будда діндеріне де қарамай өрши түсуде.