Тақырыбы: «Менің денсаулығым – менің болашағым»
1-жүргіз:Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар және оқушылар, бүгінгі «Менің денсаулығым – менің болашағым» атты «Денсаулық фестивалі-2018» акциясына қош келдіңіздер !
2-жүргіз: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа
мүмкіндіктері» Жолдауында «Салауатты өмір салтын ұстану және өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидаты денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат сияқты, халықтың күнделікті өмірінің де ажырамас бөлігі болуы керек.»
Денаулық акциясының алғашқы құттықтау сөзі мектеп директорының міндетін атқарушы Дуйсенбаев Мерекебай Жақсылықұлына беріледі.
1-жүргіз: Өмір екі берілмейді адамға,
« Халық» — деген айғай тұрсын санаңда.
Елің үшін, жерің үшін жан қисаң,
Затың кетсе, атың қалар ғаламда.
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға!» — деген бір-ақ мақсат ұстанып,
Болашаққа аттанайық бәріміз. (Оқушылардың тақпақтары)
2-жүргіз: Салауатты өмір салтын құрайтын факторларға , жеке гигиена, гимнастика, туризм, дене жаттығулары жатады ендеше барлығымыз бірге жаттығу жасайық.(жаттығу)
1-жүргіз: Денсаулық – ол әрбір адамның бойындағы ерекше бір күтімді қажет ететін өзіндік бір ерекше нәрсе. Жер бетіне шыр етіп келгенде
Жаратқан Иеміз деңізді сау, мүшеңізді аман етіп жаратады. Сол Жаратқан Иеміздің аманатына қиянат қылмай, тәніңе жара салмай, денсаулығыңызды сау қылып ұстау өз қолдарыңызда. (Би Гүлдер)
2-жүргіз: Ес біліп, етек жиған уақыттан бастап, ең алдымен, денеңізді суықтан қорғап, спортпен айналыссаңыздар, бір жағы денеңіз
мығым, шымыр, бір жағы денсаулығыңыз мінсіз таза болады. Денсаулығыңның бір қалыпты болғаны деген сөз, ол жарқын болашағыңның айнасы деген сөз. Егер сіздер өз денсаулықтарыңызды күтіп ұстай алмасаңдар, болашақ – деп алға ұмтылғаннан не шара, бәрібір денсаулығың сыр беріп, артқа тарта береді. Келесі кезекті спорттық флэшмобқа береміз.(флэшмоб би)
1-жүргіз: Халықта мынадай дана сөз бар:
Ақша жоғалтқаның – ештеңе жоғалтпағаның,
Уақыт жоғалтқаның – көп нәрсе жоғалтқаның,
Денсаулық жоғалтқаның –бәрін жоғалтқаның».
2-жүргіз: Мақал-мәтелдерден сұрақ. Мақал немесе мәтелдің жалғасын айту керек. Қол көтеріп жауап береміз.
v Денсаулық — (зор байлық).
Тәні саудың- (жаны сау)
v Арық семіреді, (ауру жазылады.)
v Ауру батпандап кіреді,
(Мысқылдап шығады).
v Ауру қалса да (әдет қалмайды).
v Ауруын жасырған (өледі.)
v Байлық байлық емес, (Денсаулық — байлық).
v Бірінші байлық — (денсаулық),
Екінші — (байлық он саулық),
Үшінші байлық — (ақ жаулық.)
Көзің ауырса (қолыңды тый,)
Ішің ауырса (аузынды тый)..
Тісі ауырғанның ( көңілін сұрама).
v Ұйқы тынықтырады,
Жұмыс (шынықтырады).
v Емнің алды — (еңбек).
1-жүргіз: Денсаулыққа кері әсер ететін факторларды атаңдар:
1. Қоршаған орта ластығы.
2. Дұрыс тамақтанбау.
3. Тұқымқуалаушылық.
4. Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдау.
6. Тазалықты сақтамау.
7. Отбасындағы кері жағдайлар.
8. Адамда стресс жағдайы жиі болуы.
2-жүргіз: Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:
1. Дұрыс тамақтану.
2. Қоршаған орта тазалығы.
3. Дене шынықтыру.
4. Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.
5. Зиянды заттарды қабылдамау.
6. Жеке бастың тазалығын сақтау.
7. Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.
8. Эмоциялардың оң болуы.
Келесі сөз кезегі: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асханбек Бейсен ағайға беріледі.
1-жүргіз: Денсаулыққа кір келтірме, бауырым
Көтере біл өміріңнің ауырын.
Бақыт, байлық өзі келер сырғанап,
Қуанышпен өтсінші тек дәуірің.
Түсінгейсің бұл өмірдің жалғанын,
Талмай ізде, көтер өмір салмағын.
Мансап қуып, қайтсем өсіп-өнем деп,
Денсаулыққа зиян тауып аламағын.
.
2-жүргіз: Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқын, өнері асқан
Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.
Баршаларыңызды Денсаулық фестивальіне арналған спорттық сайстарға шақырамыз!