"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Беловодское ауылына 90-жыл

01.11.2018

Беловодское ауылына 90-жыл

Жақсы ауданы, Беловод ауылы 90 жылдық меретойын атап өтті. Осыған орай  елдімекенде  ұлан-асыр той ұйымдастырылып, оған осы Ауылдың тумалары, алыс-жақын өңірлерден мәртебелі меймандар жиналды. Мерейтойға жиналғандарды ауылымыздың әкімі Козбаева А.С құттықтап, бірлігі жарасқан ауыл тұрғындарына жылы лебізін жолдады. Беловодское орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Рашат Рина ауыл тарихы жайлы таныстырып өтті.

Тарих ерекше ұғым,тарих дегенде өткенді адам арқылы,болған оқиғалар арқылы біліп отырған.Ал қазақ халқы өткенді шежіре арқылы білген.Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін кейінгі жас ұрпақ білулері қажет екенін айтып өтті.

Көпшілікті салауатты өмір салтын ұстануға дәріптеген бұл шарада қазақша күрес, Волейбол, арқан тарту, асық ату түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.  Демеушілік жасаған да осы ауылдың тумалары, кәсіпкер азаматтары болды.

Ынтымағы жарасқан елдің келешегі де жарқын. Рухани жаңғыру арқылы салт дәстүрімізді, тарихи құндылықтырамызды жаңғыртып, мемлекетіміздің тірегі -әрбір отбасындағы ұл-қызға саналы тәрбие берсек, асуларды алып, белестерді бағындырамыз, — дейді Беловодтықтар.

Спорттық ойындарды ұйымдастырған дене шынықтыру әдіскері: Асханбек Бейсен                                                                                 

Просмотров: 373


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст