"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адамдық борышың

12.12.2018

Өзiн-өзi тану

сабағының жоспары

Мектеп: Беловодское ОМ                                  

Мерзiмі: 05.12.18                   

Тақырып:  Адамдық борышың

Құндылық:    сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық,

мейірімділік, ізеттілік

Мұғалiм: Кызыр А

Сынып: 6

 

Сабақ мақсаты: оқушыларға «адамдық борышың»

туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік 

құндылығының мәнін ашу 

Міндеттері:

-         

Оқушыларға адамдық борыш туралы түсінік беру;

-         

Оқушыларды риясыз қызмет етуге үйрету;

-         

Оқушыларды қамқорлыққа, мейірімділікке, ізеттілікке тәрбиелеу

Мультимедиялық

тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу,

оқушылардың көңіл-күйін сұрау, топқа бөлу. 5 Т ережесін сақтау. 1.Тәртіп

2.Тазалық 3.Талап  4.Тыныштық   5.Татулық

2.     Тыныштық сәтi.  Нұрға бөлену

Нұр сіздің төбеңізден кіріп, денеңіздің ортасына

қарай жылжып барады деп ойлаңыз.Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің

жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір-бірден ашыла бастайды. Сіздің

жүрегіңізде әдемі,керемет гүл әр сезіміңізбен тілегіңізді орындай гүлдей

түседі.

  Нұр

біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай.ойша осы нұрды қолдарыңызға

таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып тазарды.Енді қолдарыңыз тек жақсы ,игі

істер ғана жасап,баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап

жатыр,аяқтарыңыз нұрланып,тазара түсті.Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы

қадамдар жасап,жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар

нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де

жетті.Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды

ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп,.тамаша

әуендерді еститін болады. Басыңыз жап-жарық болғандай,ол тек жақсы ойлар ғана

ойлайды.

  Нұр

кеңейіп,сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық

туған-туысқандарыңызға,ұстаздарыңыз бен достарыңызға ,таныстарыңызға

бағыттаңыз. Нүрды уақытша ренжісіп қалған таныстарыңызға да бағыттаңыз. Нұр

мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол

жан-жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды өз жылуымен баурасын. «Ойша,

Мен...Нұрмын,Нұр менің ішімде. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық

жағдайда сәл болыңыз».

   Енді

нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің

жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз.Біртіндеп көздеріңізді

ашыңыздар. Рахмет!

.

3.               

Үй тапсырмасын тексеру. (өткенді пысықтау)

«Қар кесегі» әдісімен

 

Сабақ барысын

талқылау:

4.     Дәйексөз.

 «Адамның

ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару» .

 

                                                        

                  Нельсон Мандела

 

       

Балалар осы дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап

оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.

Дәптерлеріне жазып алады

5.     Оқып үйренейік

Мұхтар Құрманалиннің

«Серттессең – сөзіңе тұр» атты әңгімесін оқушылар іштей оқып шығады. Мәтіннің

мазмұнында ағалы-інілі бауылдардың жауапкершілігі, бір-біріне қамқорлығы

туралы түйінді ойлар баяндалған.

Оқушылар тақырыпты оқып түсінеді

6.     Ойланайық, пікірлесейік

-         

Әділбек ағасының сөзінен өзіне

қандай сабақ алды?

-         

Адамдық борыш дегенді

қалай  түсінесіңдер?

-         

Өздерің берген серттеріңе

қаншалықты адалсыңдар?

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын

талдайды.

7.    

Бейнеролик көрсету

«Адамгершілік» бейнеролігі оқушыларға көрсетіледі

.

Мұғалімнің сыйы

8.     Шығармашылық

жұмыс

1-топқа тапсырма: «Отан алдындағы борыш» (постер

қорғау)

2-топқа тапсырма: «Ата-ана алдындағы борыш» (постер

қорғау)

 

Екінші

шығармашылық жұмыс түрі әйнекке сурет салу

 1-топ:

Бәйтеректің суретін салу

 2-топ:

Табиғаттың суретін салу

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып,

өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.

9.     Жаңа

ақпарат

Адамдық борышың – адамның өзіне

ғана емес,өзгелерге көрсете алатын қызметі. Халқына  қызмет етсең, сенің білімің мен

кісілігіңнің молдығын білдіреді.Халыққа қызмет ету азаматтың

кемелденуіне,өрісінің кеңеюіне үлкен әсер етеді.Таза ісімен,адал еңбегімен

және әрекетімен көрінетін  адамдар

болады, олар өзінің ең басты өмір сүру қағидасы өз халқына еңбек ету деп

есептейді.

Жаңа ақпарат арқылы жаңа

түсініктерін қалыптастырады.

10.          

Топпен ән айту.

Бауыржан

Есебаевтың  «Перзент парызы» әнін

топпен айту ұсынылады.

Топпен ән айту.

   

Бауыржан Есебаевтың  «Перзент

парызы» әнін топпен айту ұсынылады.

Қандай шаттық сыйласам екен,

Әлем нұрын жинасам бе екен?

Ұл-қыздарың жаныңда,

Алтын тойың қанат қағуда.

      

Ұл өсірдім сендерге қарап,

       

Қыз өсірдім тұлымын тарап.

       

Менің ғазиз мекенім,

       

Сенен үлгі етемін

       

Қартаюдың өнер екенін.

          Қайырмасы:

Шашылайын шұғылаң болып,

Шырқа көңіл бүгін ән болып.

Аман-есен жүрсеңдер екен,

Бет түзейтін құбылам болып

 

 

Әнді ерекше көңілмен айтып,

Демалады.

11.          

Үй тапсырмасы.

Өтебай Тұрманжановтың «Шелекпен егін суарған бала»

әңгімесін үй тапсырмасы ретінде оқуға беріледі.Оқулықта 65-66 бет

Күнделіктеріне 

жазады.

12.          

Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Білім қоржыны»  арқылы қорытындылау.

-Балалар,бүгінгі  өзін-өзі тану сабағында  қандай тақырыппен таныстық?                      (балалар өздері

қорытындылайды) балалардың жауаптарын тыңдаймын.

Бүгін сендер өте көп жақсы

істер жасадыңдар, сабаққа жақсы қатыстыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін

сендерге рахмет айтамын!

Балалар,мына білім қоржынына

бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, сабақты қаншалықты түсінгендеріңді жазып

қоржынға салыңдар.

 

 

 

Просмотров: 1552


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст