Күні: 12.12.2018
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып: Менің Қазақстаным
Тақырыбы: Қазақстан Республикам менің!
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы әңгімелеу. Еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз Отанының нағыз патриот азаматы болып ер жетуге, халқын, салтын, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық
Көрнекіліктер: суреттер, рәміздердің суреттері, мазмұнды суреттер.
Билингвальді компонент: отан-родина, әнұран-гимн, елтаңба-герб, ту-флаг
Шаттық шеңбері:
Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Балалар бүгінгі сендер өте көңілді қуаныштысыңдар, өйткені біз тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде тұрып жатырмыз. Осы сөзімізді
анықтау үшін Қазақстан елі туралы видео роликті тамашалайық.
Ұйымдастыру-іздену
Киіз үйді құрастыра отырып Отанымызға тілектер тілейік.
- Балалар Отанымызға не тілейсіңдер?
Балалар, бүгін сендер біздің туған еліміз, отанымыз ҚР туралы айтып үйренетін боласыңдар.
Қазақстан туралы суретке назар аударыңдар.
Бұл біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Әр елдің туы, ән ұраны, елтаңбасы болады. Сол сияқты біздің елдің де туы, әнұраны, елтаңбасы бар.
Ту дегеніміз-елдің тәуелсіздігін білдіретін ресми билік нышаны. Тудың түсі көк, аспан мен судың белгісі. Қыран құс бүркіт-еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі.
Тудың авторы:Ш. Ниязбеков
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды.
Біздің тудың түсі қандай, онда не бейнеленген екен?
Әнұран авторы: Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов. Н. Назарбаев.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.....
Елтаңба авторы: Ж.Мәлібеков, Ш. Уалиханов.
Елтаңба егеніміз-қазақтың қасиетті қара шаңырағының белгісі. Біздің ұлттың алтын бесігі. Мемлекеттің елтаңбаның пішіні дөңгелекке ұқсас. Ортасындағы шаңырақ, әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып
тұрғандай. Аттың қанаттар елдің болашағын қорғаған, достықты ұстап тұр.
Біздің мемлекетімізде көп ұлттар тұрады, олар бір-бірімен тату тәтті өмір сүреді.
Отан туралы мақал айтамын:
1.Отан оттан да ыстық.
2.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.
3.Отан үшін отқа түс, күймейсің.
4.Туған жердей, жер болмас,
Туған елдей,ел болмас.
Сергіту сәті:
Топ, топ, басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса, алтын күн,
Жаса, жаса, жарқын күн
Боямақпен жұмыс.
Туған жер бейнеленген суреттерді бастырып, бояуды ұсынамын.
«Суреттер сөйлейді» дидактикалық ойыны.
Мемлекеттік рәміздердің суреттерін көрсетіп, түсінгендерін сұраймын.
Ойын: «Шаңырақ» (музыка әуенімен билеп жүреміз, музыка тоқтағанда уық боламыз.)
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз
Бірге ішіп астыда
Бірге сайран құрамыз.
Рефлексивті-қорытындылау
Қорытындылау. Бүгінгі оқу іс-әрікетін «Күншуақ» ойыны арқылы қорытындылаймын.
Ойын шарты: Ортада шуақсыз күн тұрады.Күннің әр шуағында сұрақтар мен тапсырмалар берілген.Күн шуағындағы сұрақтарға жауап беру арқылы күнді күлімдету.
- Балалар,Отанымыз қалай аталады?
-Рәміздерге не жатады?
-Бас қаламыз қай қала?
Балалардың жауаптарына ризашылық білдіріп, мадақтаймын. Жауап бере отырып,күнді күлімдетеді.
Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін (жұлдыздар таратамын, тілектер айта отырып: дендерің сау болсын, ата-аналарыңның сүйікті перзенті болыңдар, үлкенге құрмет көрсетіңдер, отанымыздың патриоты болыңдар, бір-біріңе көмектесіңдер, бір-біріңді сыйлаңдар,т.б. )
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының рәміздерін.
Игереді: өлең арқылы еліне,жеріне деген сүйіспеншіліктері артады.
Меңгереді: ойын арқылы сұрақтарға жауап беру барысында,берілген тапсырманы меңгереді.