Текст
Бүгін мектебімізде Жаратылыстану- математика пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен "Қызық екен" интелектуалдық сайысы өткізілді. Сайысқа 9-11 сыныптар арасынан "Білімділер" мен "Тапқырлар" тобы қатысты. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті, оқушылар логикалық ойлау қабілеттерімен, білімдерін ортаға салды. "Білімділер" тобы артық ұпай жинап 1-орын иеленді. Жеңімпаз топ пен қатысқан топтар марапатталды.