Құрметті балалар мен ата-аналар!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық қорғау күнімен құттықтайтын! Балаларды қорғау күні - әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үйрететін мереке. Сондықтан бала қуанышын бағына балаған ата-ана үшін де, бар тілегі мен елдік мұратын балалармен байланыстырған мемлекет үшін де бұл мерекенің маңызы мен мағынасы зор. Ата-ананың ең үлкен бақыты – баласының жақсы азамат болып өсуі болса, ілгері ойлайтын мемлекет пен қоғамның да басты мақсаты – білімді де Отаншыл ұрпақ тәрбиелеу.
Қымбатты балалар! Сендер дамыған, байтақ елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыңдар, Зерделі де зерек, білімді болыңдар. Бұған елімізде барлық мүмкіндік бар. Жасампаз істердің барлығы сендердің жарқын болашақтарың үшін жасалып жатыр. Барлықтарыңа мықты денсаулық, баянды өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жүзеріңізден қуаныш пен бақыт күлкісі кетпесін, ал жүректеріңе мейірім мен шапағат ұяласын. Мереке құтты болсын!