Беловодское орта мектебінің Қазақстан Республикасы Тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің анықтамасы.
Тілдің қай қоғамда, қандай елде болмасын орны бөлек. Тіл болмаса, тірліктің де мәні жоқ. Еліміздің түкпір түкпірінде тілге арналған сан түрлі шаралар өткізіліп жататыны белгілі, олардың мақсат-міндеттері де түрлі. Мұндай шаралардан біздің мектеп те қалыс қалған жоқ.
Қыркүйек айының 9-20 күндері мектебімізде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты тілдер онкүндігі болып өтті. Маңызы зор іс - шараның ойдағыдай өтуіне қазақ, орыс, ағылшын тілі мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, сынып жетекшілері атсалысты.
Тілдер онкүндігінің алғашқы күнгі ашылу салтанаты 9- қыркүйек күні болып өтті. Ашылу салтанатын қазақ тілі пәнінің мұғалімі - Дарменова Бибигуль Молдатаевна, орыс тілі пәнінің мұғалімі - Жусупова Айсулуу Тэлюмызовна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі - Батырбекова Данагуль Кунтугановна өткізді. Оқушылар үш тілде тақпақтар оқып, тіл туралы ән шырқалды.
Қазақстан Республикасы Тілдер онкүндігіне байланысты «Тіл-халық байлығы» атты кітап көрмесін кітапханашы - Садвакасова Балапия Жамантаевна ұйымдастырды.
Мектебімізде «Абай-дана, Абай – дара қазақта» атты шығарма сайысы өтті. Оған жауапты болған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі - Дарменова Бибигуль Молдатаевна. Ең үздік деп танылған екі шығарма ауданға жіберілді. Олар: 8 - сынып оқушылары Сейіл Күнсұлу мен Хавие Айбек.
13-қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі-Хинаят Күмісгүлдің жетекшілік етуімен «Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына» орай оқушылар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Бұл іс-шараға 4-11 сынып оқушылары белсене қатысты. Атап айтқанда 4-6 сынып оқушылары арасында І орынды Тоқтархан Кәусар, ІІ орынды 6-сынып оқушысы Нұрланқызы Жаншуақ, ІІІ орынды 6-сынып оқушысы Тапаева Сабина иеленсе 7-11 сынып оқушылары арасында І орынды 11 сынып оқушысы Ахмедиярова Көркем, ІІ орынды 7-сынып оқушысы Кадирбек Айсулу, ІІІ орынды 8-сынып оқушысы Сейл Кунсулу иеленді. Сонымен қатар белсене қатысқаны үшін 5-сынып оқушылары Серикбол Назерке мен Өмірхан Аида иеленді. 16 – қыркүйек күні 1-11 сынып жетекшілері мен тіл мамандарының жетекшілігімен тақырыптық сынып сағаттары өтті. Атап айтқанда 1-4 сыныптар аралығында «Қазақ тілі - мәңгі жасар байлығым» атты тәрбие сағатын бастауыш мұғалімі – Карибаева Г.К. өткізсе 5-8 сынып оқушыларының арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің негізін қалаушы» атты тәрбие сағатын ағылшын тілі мұғалімі – Батырбекова Д.К. өткізсе, 9-11 сынып оқушылары арасында «Сәкен Сейфулиннің өмірі мен шығармашылығы» атты тәрбие сағатын биология пәнінің мұғалімі Нұға Рая өткізді. 18 - қыркүйек күні 9 – сыныпта орыс тілі пәнінің мұғалімі Жусупова А.Т «Абай Кунанбаев. Слова назидания» атты ашық сабағын өткізді.
19 қыркүйек күні бүлдіршіндер арасында «Бала тілі-бал» атты көркемсөз оқу сайысы жоспарланған. Оған жауапты: Нысанбай Ләйлім.
20 қыркүйек күні ҚР тілдер мерекесіне арналған онкүндіктің жабылуына сәйкес мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда.
Жауапты: тіл мамандары. Дарменова Б.М, Батырбекова Д.К, Жусупова А.Т