Текст
07-ші Қараша күні Беловод ауылды округінің әкімшілігі "Жастар форумын" өткізді. Онда жастар жылына орай, жастарға қолдау көрсету жөнінде айтылды. Жастар кез келген сәтте еліміздің өсіп-өркендеуі жолында, өңіріміздің қоғамдық-саяси өміріне араласып, белсенділік таныта білуі керек. Олар Елбасының және аға буын салып берген сара жолын жалғастырушылары. Біз болашақты қалай құрамыз, қандай игі істерді атқарамыз, деген сұрақтарға бүгіннен бастап жауап іздеуіміз қажет. Бүгінгі жастар форумы да осындай түйіткілді мәселелерді шешуге арналады, – деп мәлімдеді ауыл әкімі. Форум барысында ауылға еңбегі сіңген жастар марапатталды. Форум соңында концерттік бағдарлама болды.