Кодтау сағаты-2019
«Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында желтоқсан айының 9-ы мен 15 аралығында «Кодтау сағаты 2019» акциясы біздің мектебімізде де өткізілді, оқушылар белсене қатысты. Кодтау сағатын өткізу онлайн түрде hourofcode.kz сайтында жүзеге асырылды. Оқушыларымыз қай оқу саласын таңдаса да, олардың үлгерімі жоғары технологиялардың қалай жұмыс істеуін түсінуіне байланысты. Бастама шеңберінде біздің мектепте «Кодтау сағаты» акциясына 3-11 сыныптардан 30 оқушы қатысты. Бұл «Кодтау Сағаты» Қазақстанда бұрын-соңды өткен Ақпараттық жүйелер саласындағы білім беру шаралар ішінде ең ірісі болады, жыл сайын осы кодтау сағатына дүниежүзінде көптеген оқушылар қатысуда. Биылғы жылы 3,4,5,6,7 сынып оқушылары белсене қатысты. Олардың әрқайсысы бағдарламалау дағдыларын үйренуге бірегей мүмкіндік алды және өздерінің алғашқы қадамдарын жасады. Бұл сабақ әр оқушыға өзінің бірінші кодын жазуға, бағдарламалау туралы Ақпараттық жүйелер саласының жетекші мамандарынан (бейне арқылы) естуіне және технологияның біздің қоғамдағы бүгінгі рөлін талқылауларына мүмкіндік туғызды. Балалар сабақтан жақсы көңіл-күй алып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Оқушылар бағдарламалаушылардың кез келген ойынды құрған кезде ойынның алгоритмін дұрыс құрастыру керек екендігін түсінді.Биылғы «Кодтау сағаты-2019» -да angry birds ойыны бойынша бағдарламалаудың алғашқы кодын жазды. «Кодтау сағаты» өте қызықты өтті, тапсырмаларды орындап болғасын оқушылар сертификаттармен марапатталды.