"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жолдау

12.01.2018

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы

АСТАНА, 9 қаңтар,  2018 жыл

Біздің еліміз жылда елбасымыздың Халыққа Жолдауын асыға күтетіні баршамызға мәлім. Биылғы жылы да елбасы халқына 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді стратегиясын ұсынды. Қаңтар айының 10-шы жұлдызы күні осы 2018

жылғы Жолдауында барша Қазақстан халқына  10 негізгі бағытты айқындап, нақтылап берді. Осы бағыттардың ең бастысы ол-мұғалім мәртебесін көтеру деп білемін. Себебі мұғалім өскелең жас ұрпаққа білім нәрін себуші ғана емес, сонымен бірге болашақтың ұстасы деуге де болады.Мұғалім болашақ ұрпақты тәрбиелеп,сапалы да саналы білімді игеруге бағыт-бағдар сілтеуші.Осы Жолдауында елбасымыз мұғалімдер мәртебесін көтерумен бірге олардың жалақысын 30-дан 50 пайызға дейін өсіруді тапсырумен бірге Жаңартылған білім беру аясына көшу 2021 жылы аяқталатындығын айтып өтті. Сонымен бірге қазақ тілінің сөздік терминологиясына да аса мән беру қажеттілігіне тоқталуымен бірге Латын әліпбиіне 2020 жылға дейін көшуді тапсырды. «Үш тұғырлы тіл» саясатын одан әрі жандандыруды тапсырды. Биылғы Жолдауда да денсаулық саласы назардан тыс қалған жоқ. Денсаулық саласында қатерлі ісік аурулары, кардиология, әйелдерді босандыру, кеуде ауруларымен күресті қолға алу керектігіне тоқталды.Жолдауда жұмыскерлердің еңбек кітапшаларын электрондық жүйеге енгізуді 2018 жылдың 1сәуіріне дейін заң жобасын қабылдауды тапсырды.

Елбасы көп жұмыс істеген адам, көп зейнетақы алуы тиіс деп көрсетті.

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст