"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің-Жаңа жыл, елімізге!

29.12.2017

«Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!»

Жүргізуші: Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Құтты болсын жаңа жыл

(музыка Көптен күтіп сағынған

Кел балалар, келіңдер

Тамашаны көріңдер

Қала нұр, дала нұр

қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)


Сиқыршы: Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

(қол соғамыз)

Сиқыршы: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен

керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде

әп - әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,... шыршамыз

көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен

шамын жағайық!

Бәрі:

Қуант, бізді, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат! 3 рет

(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)

Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.

Ән: «Шырша жыры»

Жүргізуші: Мектебіміздің директоры Дүйсенбаев М.Ж-ға мерекелік құттықтау сөз

кезегін берейік.

Жүргізуші: Би «Сиқыршы биі» ортаңғы топ балалары

Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар. Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?(Балалардың жауабы)

Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 - рет

Аю: - Сәлеметсіңдерме балалар!Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Мен қысқы ұйқыда болатынмын, қатты айқай – шу,

тасыр - тұсыр шошып ояндым, не болып қалды деп сұрап едім, бәрінің айтатындары

бір - ақ сөз: «Жаңа жыл келіп қалды, жаңа жыл» - дейді. Машаны да іздеп, осында

болар деп келдім.

Жүргізуші: Мәссаған, балалар бұл кім?

Балалар. Аю.

Жүргізуші:

- Иә, «Маша мен аю» мультфильмін

сендер өте жақсы көресіңдер ғой. Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой, аюды емес...

Балалар: иә.

(осы кезде Маша жүгіріп келіп

күледі. Шыршаға таңырқап)

Маша: Керемет....(деп шыршаның астындағы қорапты тауып

алады. Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады)

Аю - Әрең таптым - ау, сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім. (деп кетіп баражатады)

Жүргізуші: Тоқтаңыздар, кетпеңіздер, бізбен бірге болыңыздар!

(Екеуі қуанып, балалардың жаныңа келеді)

Жүргізуші. Балалар, мына сыйлықты бәріміз бөлісейік... (деп

ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан

алып шыққандарың қандай жақсы болды. Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда

сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы. Сендермен бірге

қызықты ойындар ойнайыншы.

(шыршаға қарап)

Шырша дейміз елканы

Балалар билеп қоршады.

Түрлі - түсті ойыншық

Шыршада көз тартады.

- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар

жетіспейді.

Аяз ата, ақшақар 3 – рет(әуенмен бірге Аяз ата,

ақшақар келеді)

Аяз Ата:

Құтты болсын, балалар

Келген Жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп қыз, ұлдарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдар ма?

Ал, мен кіммін айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?


Балалар: Аяз ата!


Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты

болсын!

Сүйсіңдірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт - жұлт еткен жүзімнен

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.
 Ит жылы :

Сәлеметсіздер ме, балалар

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда, алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де, биі де бар

Отыр ата, сәл дем ал.

Ән: «Аяз

Ата».

Жүргізушінің

сұрақтары:

Мен білемін бір ойын: Үйретейін сендерге

Мен бастаймын,

ал, сендер аяқтаңдар ойынды.

Хормен жауап айтыңдар!

Қарға мүлгіп дала тұр,

Келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!


 Қызыл

мұрын, ақ мұртты

Білсең атын тез ата,

Келеді бізге....

Балалар: Аязата!


Шырша бүгін кәделі!

Сендер әрі......

Балалар: Әдемі!


Көңілсіз бір бала жоқ,

Ойын - күлкі таралсын

Құтты болсын.....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)


Жүргізуші:

Әуеледі әніміз

Жаңа кірді сәніміз

Ақшақарды ортаға алып

Ән салайық бәріміз.

Жүргізуші: «Даярлық топ «Шырша » әні

Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!


 

Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз

шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады.

Айта берсек таусылмас

Жаңа жылда жаңа жыр

Кел оданда, халайық

Ойын ойнайық жаңа бір.

Ойын: «Байпақ»

Шарты: 2 ойыншы екі сыңарды

бөліп алады. Біреуі оң, біреуі сол аяғынікін киеді де, әуенмен билеп, шыршаны

айналып, ортаға бірінші жету қажет.

(алдымената - аналар, содансоңбалалар)

Аязата:мынаата - аналар да мықтыекен. Енді мен

демалсамдеймін.

Жүргізуші:Иә, ата, демалыңыз, ортамызда бүлдіршіндердің тақпақтарын тамашалайық!

Жүргізуші: «Шырша» биі Даярлық топ

Түлкі.- о - о, мыналардықара! Аязатадансыйлықалмақшы.

Сендерденбұрын мен аламын. (Аязатағакеліп) Хи - хи - хи, Аязата, мен

сіздергеөлеңайтыпберейінбе?

Аязата: Айта ғой, түлкішек

Түлкі:

Ананы да, алдадым

Мынаны да алдадым

Мен түлкімінайлакер

Аязатасыйлықбер. (қолынжаяды)

(осы кездеитшығакеледі)

Ит:

Ей, түлкішек, түлкішек

Сен де адал емессің.

Мен тұрғандасыйлықтарды

Оңайлықпенжемессің. ! (Аф - аф – аф)

Жүргізуші: Міне, балалар аңдар да өнерлерін көрсетті.

- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің

балаларымыздың сыйлықтарын қашан бересіздер?

Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....

(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін

бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да

ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес

пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа

да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей

беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, балалар! «Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Тамашалағандарыңызға

рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст