"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош келдің, Жаңа жыл!

29.12.2017

«Қош келдің, Жаңа жыл!»

Жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн,

 Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,

Құтты болсын, жаңа бақыт, достарым!

Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Құттықтауисөзі мектебіміздің басшысы: Дуйсенбаев М.Ж. беріледі.

Кәне, балалар, бәріміз шыршаны айнала тұрып, бір жақсы ән шырқайық.

Ән «Жаңа жыл»

Осы кезде залға қарақшылар кіріп, бәрі айқайлап-шулап келеді де, шыршаны айналып:

1-      қарақшы:

-о о о қараңдар, қандай ағаш өсіп тұр. Жақсы болды, осы ағаштың көлеңкесінде демалайық. (төсеніштерін төсеп –төсеп бәрі жата қалады.

Сосын біреуі басын көтеріп)

Түу мыналар неғып жүрген балалар. Бізге кедергі жасап. Біз демалатын жер іздеп жүрміз. Көп күннен бері адамдарды тонаймыз деп

ұйықтаған жоқпыз. Барыңдар үйлеріңе кетіңдер.

Жүргізуші: -Құрметті, қарақшылар. Сіздер бұл жерде демала алмайсыздар, өйткені бізде мереке болып жатыр. Сіздер басқа жаққа барып,

демалыңыздар.

Қарақшы (ашуланып)

-Сен кімсің өзі маған қарсы шығатын. Қайдағы мереке?

Айтыңдаршы бұл қайдағы мереке? Қайдағы мереке?(балаларды жұлқылап  -жұлқылап сұрайды,балалар жауап береді)

- Жаңа жыл дейді ха-ха-ха! Қайдағы жаңа жыл. Сендерге бүгін жаңа жыл тұрмақ ескі жылда болмайды. Мен қазір үлкен қаруымды алып келіп, барлықтарыңды қырып саламын. Әй жүріңдер қару алып келейік. Бұларға көрсетейік.

Қарақшы: өздерің, бізге ұйқы бермей.(ААА деп есінейді) Тезірек ұйықтаса ғой шіркін!

Оқушы: -Қарақшы ағай! Бізге тимеші. Біз шуламай ақырын ғана жүреміз. Мереке болсыншы. Бұл мерекені біз бір жыл күттік қой, ия балалар. Біз қазір сізге өлең айтайық. Сіздер ұйықтап алыңыздар. Сосын мерекемізде болыңыздар. Аяз ата келеді, көп кәмпит әкеледі. Біз сіздерге де береміз.

Береміз бе балалар!

Қарақшы: -ООО кәмпит дегенді біз жақсы көреміз. Жарайды келістік.

Сендер бір әдемі өлең айтыңдар. Біз ұйықтап алайық.(бәрі жатып ән айтылғандаұ йықтап кетеді)

(Балалар шыршы айналып ән айтады.)

Жүргізуші: -Балалар, енді біздің мерекемізде кім жоқ?

-Аяз ата мен Ақша қар

-Ия, дұрыс. Оларды қалай шақырамыз. Айқайласақ мына қарақшылар оянып кетеді ғой. Қап енді не істесек екен а? Аяз атаны айқайлап

шақырмасақ келмейді ғой. Балалар не істейміз?

Залға сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сиқырлы сандығыма қарасам осы жақта мереке болып жатыр екен. Мерекелерің қалай өтіп жатыр? Жақсы ма?

Бала: -Жоқ. Мерекеміз көңілді өтпей жатыр. Мына қарақшылар келіп шыршамыздың түбіне жатып алады. Енді аяз атаны шақыра алмай жатырмыз.

Сиқыршы бізге көмектесіңізші.

(Осы кезде бір қарақшы оянып кетеді:)

-Бұл не айқай шу? Түу түк ұйқымқанбады ғой. Неге шулайсыңдар?

А! Мынау кім өзі ааа Аяз ата ма? Әй, әкел кәмпитіңнен. Сенде көп кәмпит бар деп айтқан.

Жүргізуші: Жоқ,қарақшы ағай бұл аяз ата емес. Аяз ата келу үшін біз қатты айқайлауымыз керекпіз. Біз сіздерден қорқып айғайлай алмай тұрмыз.

Қарақшы: -Дұрыс-дұрыс бізден қорқу керек. Сонда мынау кім?

-Бұл сиқырщы.

Қарақшы: -Өй осындай сиқыршы бола ма екен!(күледі) әй сен рас сиқыршысың ба? Кәне, сиқыршы болсаң маған бір шелек алтын, күміс берші. Жоқ бір қап. Жоқ-жоқ бір машина толтырып алтын берші. ООО мен бай болушы едім. Кәне тезірек бер әйтпесе мына қылышты көріп тұрсың ба?

Сиқыршы: -қарақшылар мен сендерге ештеңе бере алмаймын. Өйткені мен қайырымды сиқыршымын. Менің сиқырым тек жақсы жандарға арналады. Кәне, оданда мына балалардың тілегін орындайын.

Қарақшы:

-қайдағы балалардың тілегі. Сен тек біздің тілегімізді орындайсың. (қарақшылар сиқыршыны ұстап алады. Қолын артына қайырып)

Қарақшылар: - тез  тілегімізді орында!

Сиқыршы: - босатыңдар қалтамнан сиқырлы таяқшамды алып сіздердің тілектеріңді орындайын. (балаларға көзін қысып)

(Қарақшы босатады.)

Сиқыршы:

- абра – кадабра сим салабим

(екі рет қайталайды)

Мына қарақшылар мейірімді әрі көңілді болсын!(осы кезде

қарақшылар күліп)

- О о о қандай сүйкімді балалар!

-Қандай әдемі балалар!

-Киімдері сондай керемет екен! (барып, балаларды

құшақтап, кей балалардың арқасынан қағады)

-Сосын бір –біріне қарап: -Біз неге мейірімді болып

кеттік пе не? Ой,қызық? Мейірімді қарақшылар бола ма екен? О ғажап. Бірақ маған

осындай мейірімді болған ұнайды. Сендерге ше, балалар?

Қарақшылар биі.

Жүргізуші:  - қарақшыларымыз

қайырымды болды. Сізге рахмет,сиқыршы. Ал енді ,балалар, Аяз атаны шақырайық ия!

Балалар: Аяз ата! Ақша қар! (залға мыстан кемпір аяз атаның қолғабы мен бас киімін және таяғы бар)

Мыстан

кемпір: -Асау желмен алысқан,

                              Аяз әжелерің асығып,

                              Шаршап келді алыстан.

                              Төрге мені отырғыз.

                              Уф, белім –ай!

Жүргізуші: -балалар, мынау кім?

- Мыстан кемпір.

Жүргізуші: - Мыстан әже! Сізге неге Аяз атаның қолғабы , бас киімін киіп алғансыз? Неге өзіңізді Аяз әже дейсіз? Аяз әже болушы ма еді?

Мыстан

кемпір: -Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.

Ол келсе қуанасыңдар. Оны бір жыл бойы күтесіңдер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін, жасым да үлкен міне биыл 240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді. Сендер мені шақырмасаңдар да  мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады. Ал, кәне, менің сол жаман шалдан қай жерім кем? Мен одан әлде қайда артықпын, кәне балақан айтшы мені Аязәже деп (осылай

бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:  - О, енді бұл менің мерекем. Жылда өзім келем.

Жүргізуші: - Мыстан әже, сізде Аяз атаның барлық заты бар екен. Сіз оларды қайдан алдыңыз? Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда? (осы кезде залға жылап Ақшақар келеді. Мыстан кемпір тығылып қалды.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақшақар ғой!Ақша қар сәлеметсәзбе? Сізге не болды?

Ақшақар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпірмен  оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз,таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді. Мен барлық жерді іздеп 

таппадым. Ой енді не болар екен?Енді сіздерге  Аяз ата келе алмай ма? (жылайды)

Жүргізуші:Жылама Ақшақар  Аяз

атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар: Қалайша жоқ.Заттары  кәне?

Жүргізуші:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан әже:Жоқ-жоқ.Мен ештеңе  бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері боламын Мен Аяз әжемін.

Жүргізуші: Енді неістейміз

Ақшақар қар тағы жылайды.

Осы кезде қарақшылардың біреуі:

Жылама Ақшақар кәзір мен 

мына достарым мен ол мыстан әжені ұстап алып,бәрін алып береміз.

(Барлығы мыстан әжеі қуады.Ол қашады.)

(Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып

келеді.)

Сиқыршы: Кәне мыстан әже мына қызға Аяз атаның заттарын

қайтар.Әйтпесе мен сені мұзға айналдырып 

жіберем.Мәңгілік қатып тұрасын.

Мыстан кемпір:

Ойбай жоқ  мұзға

айналдырма,мә-мә алшы осыны

(ашуланып бәрін шешіп береді).

Ақшақар:

Кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір: Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар Ол өтірік айтады,көмектесіңдер балалар –деп

қарақшылар тағы қуады.

Сиқыршы:

Мыстан кемпір сен не 

қалған өміріңде  мұз қалпында

болғын келеме?Тез айт, Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан

кемпір:- Түу жарайды,

болмадыңдар ғой.Мен осы бірге жерге тығып кеткем.Мерекеден соң шай ішіп,

кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Сиқыршы: - Қәзір сендер ақшақармен бірге барыңдар. Мына мыстан

кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін. Ал кәне тезірек. Мен оған

дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

( Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады)

Жүргізуші: -Ал енді кәне аяз атаны шақырайық.

-Аяз ата ,Ақшақар

( Аяз ата мен Ақшақар келеді)

Аяз ата: Аяулы аналарға ,ардақты ұл- қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем!

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Келіп жетті алыстан

Ақшақар: Аяз ата қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық.

(Барлығымыз бірге)

Кәне шырша таңырқат

Шамдарыңды жарқырат – деп айтайық.

Аяз ата:

Бәрекелді балалар! Шыршамыз жарқырап, айналаға қуаныш

сыйлауда. Шыршаның құрметіне ,шыршаны айналып ән шырқайық.

( шырша жанында ән)

Ақшақар: кәне, балалар енді бар өнерлерінді ортаға

салыңдар. Аяз ата шаршағаның бассын.

Аяз

ата: Әкелген  базарлығым бар, сендердің өнерлеріңді

тамашалап, бір дем алайын. Уф, шаршағаным-ай!

Жүргізуші: Иә , иә демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың  өнерін көріп , базарлығыңызды да дайындап

қойыңыз. Ал балалар, егер сендердің ән мен билерің болса көрсетіңдер.

Әндер

билер.

1

сынып-«Жұлдыз» қыздар биі

2

сынып «Аяз ата» ұлдар биі

3

сынып «Флешмоб»

4

сынып «Қуыршақ»  қыздар биі

Ән «Қар» Лаура мен Інкәр

Ақшақар: өнерлерің керемет екен.

Мен балалар мен ойын өткізгім келіп тұр балалар менімен

ойнайсыңдар ма?

Қазір менің артымнан қайталайсыңдар

Біз көңілді балақаймыз

Ойынға да  біз тоймаймыз

Шапалақ та  ұрамыз

Аяқ пен де соғамыз

Құлақты да қалқитып

Басымызды шайқаймыз

Ұртымызды үрлейміз

Ұялуды білмейміз

Он,жиырма,қырық

Түріміз біздің қызық-дегенде бәріміз қызықты түрге еніп қатып қалуларың керек.

Ең қызықты түрге енген баланы таңдап оған Аяз ата кәмпит береді.

АязАта:  Мына балалар тамаша ойнайды екен.Менің шаршағаным басылып өзімнің ойнағым кеп кетті. Кәне менімен ойнайсыңдарма?

Менің  ойынымның шарты былай.Менің немерем Ақшақар қазір осы  залға мынадай қағаздар тастайды.Мұнда әртүрлі  суреттер

салынған.Сендер тез-тез  тек кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек  кім қанша кәмпиттің суреті бар қағаздарды жинап алуларың керек,кім қанша кәмпиттің суретін жинаса мен сонша кәмпит беремін (Ойын ойналады)

Сиқыршы:

Құрметті Аяз Ата.Сіздердің Ойындарыңызға  қарап мен қызығып кеттім.Мен де балалармен бір ойын ойнайыншы.

Аяз Ата:

-әрине ойна

Сиқыршы:

-Ол үшін барлықтарың сапқа  тұруларың керек. Сосын мен «Жер» десем сендер  бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем артқа  секіресіңдер кім шатасып қалады ол бала ойыннан шығып отырады.Ең соңынан әрі тез шатаспай секірген балалар,Аяз атадан кәмпит алады. Ал кәне

ойнайық.

Аяз Ата:Балалар,өнерлерің тамаша екен,Бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер.Өнерлерің  әрі қарай шыңдала берсін.Менің әлі баратын

жерім көп,басқада ауылдар мен қалаларда сендер сияқты балалар тосып отыр.Ақшақар екеуіміз қайтайық.Келесі жаңа

жылда жолықаншас сау болыңдар!

Ақшақар: Сау  болыңдар,балалар,

Аман-есен болыңдар.

Әр таңды қуанышпен!

Қарсы алып тұрыңдар!

Жүргізуші: Балалар Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз хормен шығарып салайық!

Балалар: Сау бол Аяз Ата,Сау бол Ақшақар (Аяз ата мен Ақшақар шығып, кетеді)

Жүргізуші:

Ән тыңдап,би биледік бүгін тойда,

Қалады бүгінгі күн ойымызда.

Демалып жаңа-жылға қадам бастық,

Жаңа –жыл құтты болсын баршамызға!

 

 

 

 

 

Просмотров: 737


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст