Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы
Ортаңғы топ
Сабақ:14
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы: 1,2,3,4, цифрлары туралы өткенді пысықтау. Солға, оңға.
Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру; үшбұрыш, тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигуралар туралы өткенді пысықтау; айналадағы
заттардың арасынан геометриялық фигуралар пішіндес заттарды таба білуге үйрету;
өзіне қатысты тұрғыда заттың орналасуын (солға, оңға) анықтау және сөзбен баяндау.
Көрнекіліктер: цифрлар карточкасы, заттық суреттер, ойынға қажетті суреттер.
Әдіс-тәсіл: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ жауап, ойын.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер Сәлем дейміз күнге біз, Сәлем дейміз аспанға Сәлем дейміз достарға, Сәлем дейміз апайларға «Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы. Педагог үстелге 1-ден 5-ке дейінгі сандарды орналастырады. Содан соң балаларды кезек-кезек тақтаға шақырады және бір цифрды қолына алып, ол туралы тақпақ айтып беруін өтінеді. |
Балалар цифрды табады және тақпақ оқиды. Бұл-1 цифры... Бұл-2 деген цифр.. Бұл-3 деген цифр... |
Ұйымдастыру іздестіру
|
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісіндегі саяхат сабақ. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, талдау, жинақтау. Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі сандар мен дидактикалық материалдар. Сиырдың тапсырмасы: Шашылған сандарды ретімен орналастыр
Ағаштың тапсырмасы: Аспанда неше күн бар? Бағдаршамда неше көз бар? Аспанда неше ай бар? Қояның неше құлағы бар? Адамда неше көз бар? Орындықта неше аяқ? Адамда неше қол бар? Жұлдызшада неше бұрыш бар?
Үшбұрышта неше бұрыш бар? Бір жылда неше мезгіл бар?Бір қолда неше саусақ? Қыздардың тапсырмасы: Заттарды санмен сәйкестендір Бірінші қатарда неше құлпынай бар? Екінші қатарда неше бұрыш орналасқан? Үшінші қатарда неше банан бар? Төртінші қатарда неше алма бар? Дүкеншінің тапсырмасы:
Гоеметриялық пішіндердің жалпы саны мен жеке атауын ата Сергіту сәті: Тауықтың тапсырмасы:Жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау: 1-тапсырма: Сол жақтағы шыршаның ішіндегі цифр нешені білдірсе, сонша тақия мен етік салып шығуға тапсырма береді. 4 цифры туралы өлеңді айтып берулерін сұрайды. 2-тапсырма. Педагог балаларға сұрақ қояды және тапсырма береді: -Шырша қандай геометриялық фигуралардан құралған? -Шыршаны құрап тұрған геометриялық фигураларды бояңдар. Тышқанның тапсырмасы: Жануарлар мен жәндіктер қанша болса, сәйкес санды орналастыр. Мысық пен мақта қызбен бірге «Оң және сол»- ойыны
|
Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді: Үш үшбұрыш және тіктөртбұрыш. Балалар жаттығулар орындайды: Екі аяқтап алға қарай секіреді. Бір орында тұрып секіреді. Отырады. Қолдарын жан-жаққа созады.
Балалар бала санын айтып дөңгелекті бояйды. |
Рефлексивті түзетушілік
|
Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру. -Балалар, сендер қандай цифрлар туралы тақпақ айтып едіңдер? -Шыршаны қандай геометриялық фигуралардан құрастырдыңдар? Педагог балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мадақтайды. Қорытындылау Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Күндей болып күлейік, Шуақ шашып жүрейік. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық. |
Балалар өз жұмыстарын педагогтің қолындағы үлгімен салыстырады. 1,2,3,4 цифрлары туралы. Үшбұрыштар мен тіктөртбұрыштан.
|
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: 4 саны мен цифры туралы;
Қандай түсініктерді игерді: 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен салыстыруды; айналадағы
заттардың арасынан геометриялық фигураларды табуды;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: заттың орналасқан орнын анықтауды (солға, оңға); үшбұрыш,
тіктөртбұрыш сияқты геометриялық фигураларды тани білуді.