"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Басқатырғыш ребустар

20.12.2017

 

Сабақ тақырыбы:

Басқатырғыштар,

ребустар

Мектеп: Беловодскоеорта

мектебі

Күні :14.12.17.

 

Мұғалімнің есімі:

Аханшаева.Р.Т.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

14

 

Қатыспағандар

саны:1

Оқу мақсаты:

бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын басқатырғыш

есептерді, ребустарды шешеді.

Басқатырғыш тапсырмаларды шешіп үйренеді.

  Тапқырлыққа үйрететін қызықты тапсырмаларды орындай алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым

бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

            Түрлі-түсті суреттер, қағаздар, оқулық, дәптер, кеспеқағаздар, интербелсенді тақта, бейнероликтер,  

Тірек сөздер

басқатырғыштар

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың ойлау

қабілетін дамытатын тапсырмалар түрімен және оларды шешудің әртүрлі тәсілімен

танысуды жалғастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Сабақта басқатырғыштардың әртүрлі түрімен танысуды

жалғастыру және сонымен қатар оқу-шыларды ребуспен таныстыру қажет. Ребус —

бұл шешетін сөздер немесе жасырын сөйлемдер, сурет-термен бірге әріптермен

немесе цифрлармен берілген жұмбақ. Ребустардың қиындығы әртүрлі деңгейде

болады. Ребусты шешудің негізгі ережелері:

            Бір

сурет бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін: мысалы, Ат және Жылқы, Бет және Бас

т.с.с. Ребустың қиындығы берілген кескінді нақты жағ-дайға сәйкестендіріп,

дұрыс ұға білуде.

            Үтір.

Үтір сөздің сол жағында тұрса, онда сөздің басында тұрған әріпті алып тастау

керек (сөздің сол жағындағы). Ал үтір сөздің оң жағында тұрса, онда сөздің

соңындағы әріпті алып тастау керек (сөздің оң жағында).

            Суреттің

немесе сөздің үстінде (астында) сызылған әріп болса, онда сол әріпті сөзден

сызып алып тастау керек. Сөзге енетін барлық әріп түгел алынады. Кейде

әріптің орнына сызылған цифр болуы мүмкін, ондай жағдайда нөмірге сәйкес

келетін әріпті ғана сызу керек.

            Әріптерді

сөздің ішінде ауыстырған кезде, теңдік түрінде де жазып қолданылады. Мысалы,

“А=Е”, бұл барлық жердегі “А-ның” орнына “Е-ні” ауыстыру керек деген сөз. Бір

ғана әріпті ауыстыру керек болса, мысалы, 5 = Е болса, онда бесінші тұрған

әріпті нақты сол әріппен ауыстыру қажет деген мағынаны білдіреді.

Кіріспе

тапсырма. Сабақтың басында оқушыларды топқа бөліңіз. Оларға қазір төрт

орталық бойынша қозғалу қажеттігін ескертіңіз. Әр орталықта оларды

конверттердегі тапсырмалар күтіп тұрады. Оны орындаған соң келесі орталыққа

ауысу керек.

 

1-орталық.

Жасырын сөздерді тап

Әрбір сан әліпбидегі әріптерді білдіреді. Мысалы: 1-А әріпі, себебі А- бірінші

әріп. 3-Б әріпін білдіреді. 5 саны қай әріпті білдіреді? 12 саны ше?

Сандардың астына тиісті әріптерді қойып сөздер құрастыр.

Цифрларға сәйкес әріптерді тап.(дәптермен жұмыс)

2-орталық.

Компьютер

Әр компьютердің қай қуат көзіне қосылып тұрғанын анықта. Қолыңды қағаз бетінен алмай  сызып шық.

3-орталық.

Заңдылықтарды тауып, сиқырлы шаршыны толтыр.

Әрбір жолда және әрбір бағанда нүктелер санын бірдей етіп сал.

(топпен жұмыс)

4-орталық.

Жауабын жаз.

Тапсырманы

қағазға жазып, конвертке салып қойыңыз. Тапсырманы топпен орындап болған соң,

оқушылардың жауабын талдаңыз және қай топтың қанша дұрыс тапсырма орындағанын

анықтаңыз.

Орындап көр. Оқушыларды басқатырғыштар-мен таныстыруды жалғастырыңыз. Оларға жұппен жұмыс жасауды ұсыныңыз. Оқулықтағы сурет бойын-ша 15 шаршы табу керектігін айтыңыз. Тапсырманы орындауға уақыт беріңіз. Содан кейін тапсырманы тақтаға шығарып, 15 шаршы тапқан оқушыларға өз шешімін көрсетуді ұсыныңыз. Тапсырма оқушылардың кеңістіктік ойлауын дамытады.

Ойлан.

Оқушыларға тапсырманың жауабын топпен іздеуді ұсыныңыз. Олардың әрқайсысына өз пікірін айтқызып, ал содан кейін бір шешімді таңдап алуды сұраңыз. Барлық топтың жауабын тыңдаңыз. Содан кейін оқушыларға тапсырманы көрсетіп, олар-ға шешімдерінің дұрыстығына өз бетінше қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Жауабы:

3 тиін.

Сабақ соңында 6 сіріңке шиінен 6 санын  жина (Конвертке 6

сіріңке шиін салып қой). Басқада сандарды салып көр бір сіріңкені қозғап.

 

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Оқушыларға

интерактивті тақтаға әртүрлі тап-сырмалар беріңіз. Олар ребусты көрген кезде

тез арада “ребус” деп айтуы керек.

Сана және шығар. Оқушыларға “1”

санының артында жасырынып қалған әріптер ғана керекті болғандықтан, алдымен

барлық түсіп қалған сандарды тауып алу керек. Тапсырманы орындауды жеңілдету

үшін түсіп қалған сандарды әріптердің үстіңгі жағына жазып алу қажет, содан

кейін керектісін таңдап алуға болады. Тапқыр оқушыларға екі сөзді де шешуге

болады.

Жауабы:

кит, тау.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

ребус туралы ұғымды;

ребусты шешудің бірнеше ережелерін мең-гереді.

Оқушылардың бүгінгі сабақта алған білімі мен дағдысын

тексеру үшін мына сұрақтарды қойыңыз:

— Ребус дегеніміз не?

— Сендер ребус туралы қандай ережелерді есте

сақтадыңдар?

— Сендер тағы қандай тапқырлыққа берілген

тапсырмалармен таныстыңдар?

— Сендер қандай да бір басқатырғышты біле-сіңдер ме?

Оны өз сыныптастарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен”

өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.

 

 

 

 

Просмотров: 2104


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст