«Ана тілім – ардақтым»
Жүргізуші: Қуаныш бүгін мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Өнердің түскен жолына,
Жас досым саған мың сәлем.
Құрметті балалар, қонақтар бүгін сіздер тіл апталығына арналған ертеңгілікке қош келіпсіздер!
Ертеңгілігімізді әнұраннан бастайық.
Әнұран: барлық балалардың орындауында.
Жүргізуші: Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
- Біз қайда тұрамыз, ауылдама, қалада ма?
- Біздің ауылымыз қалай аталады?
Жүргізуші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
- Дұрыс, тіл адам бір-бірімен тілдесуге керек. Адамдар сөйлеу үшін керек.
Жүргізуші: Біздің Республикамызда көп ұлттар тұрады. 150 ден астам әртүрлі ұлттар тұрады.
-Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Жүргізуші:
- Дұрыс. Осы халықтар өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ біз Қазақстан Республикасында
тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз, құрметтеуіміз керек.
Жүргізуші: Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Жүргізуші: Ал қазір, балалар, тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарды тыңдайық.
Нурислам:
Ана тілім – менің
Әлдилеген әнім.
Ана тілім – демім,
Ана тілім жаным.
Әсет:Ана тілің-арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте
Мақсат: Ана тілім бал тілім
Өзің барда шалқыдым
Өз тілімде ән шырқап
Термелетіп балқыдым
Адина: Ақыл ойын дананың
Ана тілден аламын
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей анамның.
Інжу: Тілім барда мақтанам.
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімді бүгінгі
Ана тілім сақтаған.
Ердос: Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді
Альдаир: Ана тілді білмесем
Шат-шадыман күлмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
Нұрай:Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың, елдігің
Жүргізуші: «Балақан» әні
Жүргізуші: Жүргізуші: Тілді дамыту үшін біз әрдайым мақал-мәтелдер жаттаймыз.
Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер.
Інжу: Өнер алды қызыл-тіл.
Ердос: Тіл қылыштан өткір.
Альтайр: Тіл тас жарады
Тас жармаса бас жарады.
Адина: Басқа пәле тілден.
Жүргізуші: Балалар, біз кішкене бойымызды жазып ойын ойнайық.
Жүргізуші: Мерекеміздің соңында балалар «Бөбектер» деген бір өлең айтады.
Жүргізуші: Осымен біздің мереке аяқталды. Қонақтармен қоштасайық! Сау болыңыздар.