"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

15.06.2017

«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші: Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

1-жүргізуші:

Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,

                       Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.

                       Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа

                       Қош келдің, айналайын, халқым менің!

2-жүргізуші: Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.

1-жүргізуші: Жас жүректің өмірлік құштары гүл,

                       Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.

                       Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

                       Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя

мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)

Алдарыңызда 11 сынып оқушылары. Сынып жетекшісі Рашат Рина.

Сонымен қатар 9 сынып оқушыларын қарсы алыңыздар. Сынып жетекшісі Токмаганбетова Асем

Каримжанқызы.

2-жүргізуші:

2016-2017 оқу жылының аяқталу құрметіне арналған «Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.ҚР Мемлекеттік туы салтанатты жиынға еңгізілсін!

1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған

                       Ер қазақты жалауынан таныған.

                       Өзі батыр, өзі әнші халыққа

                       Жарасады жігер берер әнұран.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын.(Гимн орындалады)

2-жүргізуші: Халқымыз қонақ десе көсіледі,

                      Мұндайда жай түйіні шешіледі.

                      Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген

                      Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс

болыңыздар:

1-жүргізуші: Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр:

Бұл жыл - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жыл толуымен ерекшеленеді.

2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,

                       Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

                       Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

                        Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының алғашқы құттықтау сөзі

мектеп басшысы Омарова Мугульсум Бековнаға беріледі.

1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,

                       Қайрат-күшін қажыт алмас қарсы ағын.

                       Өмір теңіз толқындарын көргенде

                       Адал көңіл тілегіңді аңсармын – келесі сөз кезегі бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірменді

қонақтарына беріледі.

2-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,

                        Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.

                        Түлектерге жарқын тілек білдіріп,

                        Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп, құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне

беріледі.(өлеңдері. құттықтау)
1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атан

Халқынан ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,

Ортаға шақырайық ата-ананы.

Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан 11 сынып ата-анасы Дахай Адайға және 9-сынып ата-анасы Құмар Гүлжанға беріледі.

2-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным

                        Есіміңді есте мәнгі сақтадым

                        Жүрегіме нұрын құйған жылылық

                        Көрген емес ешқашанда суынып –деп,

түлектердің алғашқы ұстазы әрі ардагер ұстазымыз Дарменова Бибігүл Молдатайқызына сөз беріледі.

1-жүргізуші: Бүгінгі күн – алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас жүрек тебірентерлік сәт!

2-жүргізуші: Мектеп маңы толыпты жарасымға,

                        Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

                       Өмірге қанат қақты жас өрендер,

                       Асыл арман гүл атып санасында– деп жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.

Оразай :  Мектеп үйім, ұстаздарым  ата-анам,

                 Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

                  Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

                 Тамырланып  сан тарапқа тараған.

Жайдарман:

Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,

 Мектеп, мектеп шаттық  толы өмір

 Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,

 Мектеп, мектеп, ана болып көріндің.

Арамангүл:

Сенен  ыстық алтын ұя таппадым,

 Өзіңде өтті балғын бала шақтарым.

 Қоштасамын қимастықпен мен енді

 Бетке алған соң балалықтың бақтарын.

 

Нұрбол:   Достармен бірге ойнап,бірге жүрген,

                 Сәтінде әзілдеп бірге күлген.

                 Мектебім- мәңгі жас алтын ұя,

                 Жылуы жүрекке нұр  берген.

Лайла:  Балапандай бауыр басқан ұяда,

                Бірге өскен мектебім жан қия ма?

                Жолдама алып, болашаққа өзіңмен

                Білім іздеп самғаймыз әр қияға.

Б.Еркегүл :  Мейірге толы  мектебім,

                  Айқара ашқан құшағын.

                  Балапаның боп мен сенің,

                  Өзіңмен түлеп ұшамын.

А.Еркегүл:  Өрледік білім шыңын, шырқай өсіп

                   Бақытты шат өмірге ашып есік,

                    Баулыған ерлік, шындық, адалдыққа

                   Сүйікті сен, мектебім- алтын бесік.

Ү.Еркегүл:

Бірге жүрдік 11 жыл бірге ойнадық,

 Бірге оқыдың он жыл бірге ойладың.

 Келді бүгін қоштасатын кезіміз,

 Ақтық рет мектеп тойын тойлайық!

Ән: “Ұстазым”

Ердаулет: Шығаратын бүлдіршінді адам ғып,

                 Ұстаздық ол – мәртебелі мамандық.

                  Қоғамға сай  бағыт – бағдар ұстанып,

                 Болашаққа басатұғын қадам нық.

                 Тұла бойы тұнған асыл қасиет,

                 Айтатыны- ақыл-кеңес, өсиет!

                 Ұстаз атты ұлылықтың алдында

                 Патша, ғалым, шешен – бәрі бас иеді!    

  Оразай:

 Рұқсат болса ұстаздар,

 Айтатұғын алдарыңда сөзім бар.

 Сіздерге арнап кеудемдегі сырды  айтам,

                  Ұстаздарым аздап құлақ салыңдар

                  Ұстаздарға мектебіме-ұяма,

                  Бір сөз айтпау адамдыққа сияма.

                  Сіздер берген тәрбие мен біліммен,

                 Ұшып бара жатырмыз ғой қияға.

Мектеп директорына:

                 Мектептің директоры..........................

                 Мектеп қамын ойлаумен тыным

таппай.

                 Сол еңбегіңізді ақтасын

барлығы да,

                 Тілейміз ғұмырыңыз ұзақ

болғай!

Тәрбие ісінің меңгерушісіне:

                   Мектептің ыстығына күйетін,

                   Шәкірттері қадірлейтін сүйетін.

                  

................................................ сынды ұстазым,

                  Жүрекке жыр көңілге сыр түйетін.

  Оқу-ісінің меңгерушісіне:

                   Жаны жайсаң  жүрегі толған нұрға,

                    Шәкірт үшін биік тұлға, зор тұлға.

                    Асқақтатқан абыройын мектептің,

                    Ризамыз  Дүйсенбаев М.Ж.

Алғашқы ұстазына:

                 Әліппені қолымызға ұстатып,

                 Әріптерді санамызға жаттатқан.

                 Дарменова Б.М.қарыздармыз мәңгіге,

                 Ұмытпаймыз есіміңді әрқашан.

 Физика пәні

мұғаліміне:

                  Бекболат Еркегул көп рахмет сізге,

                  Физика әрқашанда керек бізге.

                  Небір қысылғанда көмек берген,

                  Сізге деген алғысымыз шексіз бізде.

Математика пәні мұғаліміне:

                  Бір қалыпты тұрасыз неше көрсек,

                  Нағыз маман өз ісін кеседі өлшеп.

                  Өмірдің де шытырман  есептерін,

                  Есептей қып сіз берген шеше берсек.

 Еңбек пәні мұғаліміне:

                   Еңбек еттім еркеледім апайға,

                   Еңбекпенен ер жетеді адамда.

                   Садвокасова Б.Ж.еңбек көзіне үйреткен,

                   Рахмет айтамыз біз таласа

 

Дене шынықтыру пәні мұғаліміне:

                   Спорт десе, ішкен асын жерге қояр,

                  Денеңдегі бар дертіңді бірақ жояр.

                 Ерғали Мейрам таптырмас ақылшымыз,

                  Құтты болсын, бүгінгі мерекеңіз.

  География пәні мұғаліміне:

                Бізге үйреттің мұхиттар мен теңіздердің көп түрін,

               Өнерге де білімге де жетеледің,жеткіздің,

                Сізден алған біліміміз, білеріміз көп біздің.

                Нұға Рая мақтан етер шәкірттерің өзіңнің.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғаліміне:

                Қазақ тілі мен әдебиеті ең басты пән,

                Қазақ бол деп жатыр күнде теледидардан.

                Сол қазақтың тілі мен салтын танушы,

                Үлгі аламыз біз енді Дарменова Б.М.

Орыс тілі пәні мұғаліміне:

                Бұл тілдің сан қырларын бағындырған,

               Сабақтары біздерді сағындырған. Токмагамбетовап А.К сөйлеп кетсе,

               Орысыңның өзін де жаңылдырған.

Тарих пәні мұғаліміне:

             Бұл далаға хан орда орнаған ба,

                Батырлары даласын қорғаған ба?

                Аузыңды ашып қаласың,Рашат Рина

                Тереңінен тарихтың толғағанда.

 Музыка пәні мұғаліміне:

               Көңілін бар шәкірттің таба білген,

               Кеудемізге намыс отын жаға білген.

               Қазақтың ән мен күйін жаттаттырған,

               Асқақтатып биіктерге жетелеген.

 

Химия пәні мұғаліміне:

               Химия қиын, ашиды миың,

               Деуші едік оқып жүргенде.

               Ашыса миың егерде,

               ....................................

Ағылшын тілі пәні мұғаліміне:

               Бүгінгі күн үш тілді де

меңгерген,

               Өгейсітпей үшеуін де тең көрген.

               ..........................

шәкірттерге ұқтырар,

               Кедергісіз ағылшын тіліне мән

берген.

Информатика пәні мұғаліміне:

               Интернетпен бар әлемді шарлаған,

               Білімдерін бар әлемге арнаған.

               ..............................

әрқашан,

               Комьпютер құлағында ойнаған.

Жанерке:

               

Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,

               

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.

               

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен

                “Ұстаз” әнін жаңғыртып айтып

тұрып.

Ән: Ұлы - ұстаз

1-жүргізуші: 

Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?

                          Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?

                          Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,

                          Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі

сөз кезегі ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі Рашат Ринаға беріледі.

   (Мектепке сый ескерткіш тапсыру

рәсімі, ата-аналарға алғыс хат:)

 

Еркегүл:

Қош мектебім, сая болған, он бір жыл,

                 Қош дегенді айту қиын мәңгі

бұл.

                 Сәби шақта келгенімде өзіңе

                

Қоштасуды еске алмаппын бір мезгіл.

Ердаулет:

Үнсіз тұрсың ақ ордалы мектебім,

                    Қоштасуда он бір жылғы түлегің

                   Айқара ашқан құшағыңның жалынын,

                    Қалай

қиып мәңгілікке кетемін.

Жанар:    Кешір менің артық кеткен жерімді,

                  Ұмытпаймын мәңгілікке өзіңді.

                  Алып

ұшып алыс жақтан келгенде,

                   Міндет

қылам бір өзіңе келуді.:

    Зоя:      Сағынармыз біз сіздерді қашан да,

                 Қиырларға қандай алыс барсақ та.

                 Аман болшы ұстаздарым мектебім.

                 Түлектерің қанат қақсын

жан-жаққа.

 

 

 

 Олжас: Басқа жерлер күтіп тұр ғой біздерді

                 Біз бірақта ұмытпаймыз

сіздерді,

                 Қош болыңдар, ұстаздарым,

мектебім,

                 Қоштасайық, қоштасатын кез

келді.

Ән:  Мектебім (Қоштасу вальсі)

2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.

                       Түлектерге бақыт гүлі

шашылады.

                        Қимастықпен 11-дің

алтын кілтін

                        Ізін басар сыныпқа

тапсырады, - деп,

білімнің алтын кілтін бітіруші түлек, Адай Олжас

9сынып оқушысы Қабылхан Лайлаға  тапсырады.

(Музыка әуенімен)


1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.

                        Қымбатты мектеп бітіруші

түлектер!

                       Алғаш қолыңа гүл шоғын

алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін

естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше.

 Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол

балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.


Гүлдерге толы омырау,

Өмірде жоқ қой тоқырау.

Қимастық сезім оятып,

Соғылсын соңғы қоңырау.


2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты

11

сынып оқушысы Хуатхан Ердаулетке және

1 сынып

оқушысы Қаламхан Назерке тапсырылады.

1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,

                       Орындалсын өмірде

тілектерің.

                       Үнімен соңғы естіген

қоңыраудың.

                       Дірілдеді - ау ерекше

жүректерің.


 

2-Жүргізуші:

Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.

Өмірде ілбіп, тек көшпей,

Жүретін сергек жол мынау.

Құлақтан үнің кетпестей,

Сыңғырла, соңғы қоңырау,

Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін

жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.

1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің

                        Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.

                       «Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз

                        Тілейміз біз армандарға жеткенін - дей келе,

«Жас түлек -2017»  Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!

2-жүргізуші: Осымен 2016-2017 оқу жылының салтанатты соңғы қоңырау

жиынын жабық деп жариялай отырып, жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу

жылында амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

 

 

Просмотров: 440


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст