Тақырыбы:Наурыз
мейрамы – дәстүрлі мереке.
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі –
Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге,
халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар, Ұлыстың ұлы күні «Наурыз мейрамы»
құтты болсын.
Шырқатып мерекеден ән салайық,
Би билеп, өнерлерге тамсанайық.
Аңызбен, ертегімен бізге жеткен
Наурызды қошеметпен қарсы алайық!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі
шашу шашады)
Әженің
қызы:
Уа халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық.
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Омарова
М.Б-ға беріледі.
ІІ. Негізгі бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған шағын
орталық бүлдіршіндерінің «Алтын сақа» ертегісінің желісімен қойылған «Наурыз мейрамы – дәстүрлі мереке» атты
ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Көрініс. (Шал қолында қамшысы бар, қой
жайып жүреді)
Шал:
Шек, шек, ей кебенек!
Мына ешкілер әбден мазамды алды.
«Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп
бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын.
Мыстан: Сен маған не бересің?
Шал:Бір отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін.
Шал: Жарайды, жалғыз ұлым бар еді , соны ал.
Мыстан: Онда келісемін, оны қалай бересің?
Шал:Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар
,сонны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал.
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады. ( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала:Апа, апаанау сақамды алып беріңізші?
Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра
алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап
алады. Осы кезде қыздар Шыңғысты іздеп шығады.
Қыздар:Шыңғыс, Шыңғыс, қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан
атып шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан:Сендерге Шыңғыс керек болса ,менің
шартымды орындаңдар.
Қыздар:Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан:Ондамаған Наурыз туралы тақпақ айтып беріңдер. (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады)
Нурсултан:
Қыс өтіп қар кетті,
Жырлайық жаз жетті.
Мейрамы ежелден
Құтты болсын Наурыз!
Інжу: Әнім де саған, биім де,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
Әлия: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Әмір: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.
Назерке: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым.
Қайсар:
Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі.
Тағы келді Ұлыс күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
Нурислам:
Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әнімі
Санжар: Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Нұрболат:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Мақсат: Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Шыңғысты жібересіз бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады)
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой.
Қыздар: Енді, Шыңғысты жібересіз бе?
Мыстан:Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынап көрейінші (белінен арқан шешіп береді) Ұлттық ойындар ойналады.
«Арқан тарту» ойыны ойналады.
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Шыңғысты жібере алмаймын, менің қарным ашты. (Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің, интернетке кіріп ақпарат іздейсіз.
Мыстан: Қане, әкелші бері көрейін. Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Шыңғысты алып шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. - Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
ІІІ. Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті.
Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.
Қызыр ата:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін.
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Тәрбиеші:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін! -деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз.