"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сарқылмайтын жылылық, Ана аты-ұлылық

04.03.2017

 

Тақырыбы: «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты - ұлылық».
Мақсаты: Балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан  ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар,қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Аналар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты - ұлылық» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Жүргізуші:

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн үйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан

Суық болса жөргегі

Қорғасындай балқытқан

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана!

Жүргізуші: Бүгінгі меркелеріңізге кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында

  «Ақ мамам» әні.

Жүргізуші:Балалардың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Санжар

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Адина

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым.

Сәлем жазып бүгін саған,

Мейрамың мен құттықтаймын.

Сәбит:

Менің әжем гүл әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Анам үшін, мен үшін

Нағыз әжем, ақ әжем.

 

Әлия:

Ана-біздің күніміз,

Ана-біздің гүліміз.

Анамыздан тарайды,

Біздің ана тіліміз.

Мақсат:

Мейірімді жібектей,

Күндей ыстық құшағы.

Ет жүрегі елжіреп,

Құлыным деп құшады.

Әмір:

Бізді өсіріп, баптаған,

Жақсы болсақ, шаттанған

"Алтыным" деп мақтаған

Аяулы менің ақ мамам!

 

Інжу:

Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кірді біздің сәніміз.

Аналарды тойымен

Құттықтаймыз бәріміз.

Әділет:

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Назерке:

Әр сөзіңді жаттағам,

Жүрегімде сақтағам.

Тәрбиелі анамды,

Үнемі айтып мақтанам.

Нурсұлтан:

 Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де

Нурислам

«Боташым» дер саған

Кім сүйікті адам

Ол - менің анам

Альдайр

Ақылшысың, данашым,

Ұзақ өмір сүріңіз

Айналайын анашым

Алдымызда жүріңіз.

Айбибі

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ердос

Айбат анам әй анам,

Жұлдыз анам ай анам

Балам деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Әсет

Жанымызды жайнатқан,

Сіздер ғой аналар.

Зор денсаулық мол бақыт,

Тілейміз біз балалар

Самат

Әлпештеген аялаған,

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жақып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.

 

Көрініс: «Маша мен аю»

ертегі желісі бойынша

Жүргізуші:  «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

 Жүргізуші:Сахналық

көрініс 

«Әжесі мен Бағлан» Қабдікәрім Ыдырысов.

- Жүрегім кім менің?

- Мен!

- Тірегім кім менің?

- Мен!

- Сәнім кім менің?

- Мен!

- Ботақаным, бағлан қозым,

Не деген тәтті баласың өзің!

Ой, қарғам менің!

- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!

Жо... жоқ, қарға болмаймын,

Керегі жоқ ондайдың.

Қарға

«қарқ-қарқ» етеді,

Алысқа ұшып кетеді.

Қасыңда боп әрдайым,

Мен ешқайда бармаймын.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

 Жүргізуші:

Ақ тілеген жат-жақын жуығына

Өмірдің көніп ыстық-суығына

Алпыс қанат орда бұл елімнің

Шаңырағы сендерсің, уығы да

Ақ жүректі аналар берекеміз

Құтты болсын көктемгі мерекеңіз! –дей отырып, көгілдір көктемнің ең алғашқы

мерекесі отбасыларыңызға береке, бірлік, мол несібе ала келсін!

Аналар мерекесіне арналған «Сарқылмайтын жылылық, Ана аты – ұлылық» атты

мерекелік ашық тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймыз!

Мерекелеріңіз

тағы да құтты болсын!

 

Просмотров: 625


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст