"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыра отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

23.02.2017

                                                                 

    Дарменова Бибигуль Молдатаевна,

Ақмола облысы,  Жақсы ауданы,

 Беловодское орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті

                                                                                     пәнінің  мұғалімі.

Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын  қалыптастыра отырып, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.

Бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет-ХХІ ғасырда табысты еңбек ете білетін білім мен дағдыны игеруге көмектесу болып табылады. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында оқытудың жаңа педагогикалық үрдістерді күнделікті сабақтарға енгізу, әр мұғалімнің басты міндеті деп білемін.Өйткені болашақта уақыт талабына сай әдеттен тыс ойлай білетін, әртүрлі төтенше

жағдайларға төтеп беретін және шұғыл шешім қабылдай білетін, әрі көшбасшы бола білетін белсенді тұлғаларды тәрбиелеуіміз қажет.Оқытуда тек білім берумен ғана шектелмей, оқушының бойындағы жеке ерекше қасиеттерін ,бойындағы жасырын

қабілеттерін дамыта отырып, оқытуға ұмтылуымыз қажет.Сонымен бірге мұғалім оқушылар бойында болып жатқан өзгерістерді бақылап қана қоймай, зерделей отырып өзінің жұмысына өзгерістер енгізуі тиіс.Менің өз іс –тәжірибемде сын тұрғысынан

ойлау модулін  сабақтарымда қолданудың себебі, осы аталған  мақсаттардан туындап отыр. Әсіресе, әдебиет сабақтарында оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуда сын тұрғысынан ойлау модулінің берері көп. Жалпы қазір мұғалім бағыт-бағдар сілтеуші , сабақты ұйымдастырушы ғана емес, сонымен бірге дұрыс жолды нұсқаушы, ал оқушылар өз бетінше ізденіп, білім игеруші. Қазақ тілі мен әдебиет

сабақтарында оқушылар еркін сөйлеп, өз көзқарастарын ашық білдірумен бірге пікір таластырады, өз пікірлерін дәлелдейді сонымен бірге сыныптастарының пікірлерін тыңдап қана қоймай, проблеманың шешу жолдарын да бірге шешуге талпынады.

Мұндағы оқушылардың әрекеті жай ғана іс-әрекет емес, өз іс-әрекеттеріне тұжырым жасап, зерттей білу. Топпен жұмыс барысында оқушылар өз ойларын,өзгелердің ойларына баға берумен бірге  естіген, көрген, білгендерін сабақтарда саралай отырып,талдау, сұрыптау, салыстыру, реттеу, жүйелеу сияқты бірлесе отырып бірлесе жұмыс жасай білуге ең бастысы- сөйлеу мәдениетін меңгереді.Мұндай сабақтарда оқушылардың ой-өрісі шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетуі мүмкін.Сондықтанда сын тұрғысынан ойлау

технологиясы оқушылардың сабаққа деген белсенділіктерін ғана арттырып қана қоймай, оның шығармашылықпен білімді игеруіне де ықпалы зор. Сын тұрғысының стратегияларын сабақта қолдануда оқушылардың өз пікірлерін ашық айтып, дәлел

келтіре отырып, сөйлеуге тырысады.Сабақтарымда қолданылатын тиімді әдістер: диалог,әңгімелесу, сұрақ-жауап.Оқушылар мұндай әдістерді қолдануда ізденуге тырысады,ойланады және зерделей біледі.Қазақ тілі мен әдебиет сабақтары негізінен диалогке құрылады.Сын тұрғысынан ойлау модулінде талқылау мен диалогке басты назар аударылады.Диалог барысында балаларға мүмкіндік бере

отырып,басқа оқушының көзқарасын тыңдап, сөйлеушіні ынталандыру әдістерін қарастыру ұсынылады.Оқушылар өздерінің сыныптастарымен диалог жүргізу барысында өз тәжірибесіне сүйенеді,әрі тәжірибе жинақтайды және ойлау әрекетінің жоғары

деңгейіне көтерілуге талпынады.Берілген тақырыптарды түсінуді оқушылар басты назарға ала отырып, сабақ барысында ынтымақтастықпен білімді игеруге қабілеттері арта түседі. Сондықтанда сабақтарда диалог жүргізбес бұрын сыныптағы оқушылармен келісім жасау барысында бір-бірімен диалог барысында ең тиімді тәсілдерді іздестіріп қана қоймай,бір-бірімен әрекет ету барысында  тиімді жұмыс істеуге тырысады. Мен ұстаз ретінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын және әр оқушының ерекшелігін,эмоцияларына да назар аударып, көңіл бөлемін. Диалогті дұрыс жолға бағыттау арқылы « оқушы мен оқушы», «оқушы мен мұғалім» арасындағы әңгімеге түсу

барысында көптеген нәтижеге жетуге болары анық. Оның нәтижесінде жаңа сабақты оқушылар қызығушылықпен игеріп, жарыса диалогтік әңгімеге түсуде белсенділігі төмен оқушылардың жаңа қырларынан сабақта ашылуы әр ұстаз үшін үлкен жетістік. Сондықтан да диалог барысында мәдениетті сөйлеу дағдылары да қалыптасады. Белсенді сабақтар жүргізу барысында оқытудың тиімді әрі нәтижелі  жетістіктері болары сөзсіз.

    Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар неғұрлым белсенді болады, олар өзгеріске дайын,сұрақтар қоюға ынтық, мағынаны тану үшін дәлелдер іздеуге даяр, мақсатқа жету жолын бірден таңдай біледі. Оқушылардың әр сабақта мәдениетті сөйлеулерін  басты мақсат 

ете отырып, мәдениетті қоғам мүшелерін қазірден бастап тәрбиелеуде диалогтің маңызын білген оқушылар бір –бірінің жауаптарын бағалаумен бірге орынды сөйлеуді, сөйлеу барысында да зор мүмкіндіктерге жетуге болатындығын меңгеріп шығады. Диалог барысында оқушылардың көзқарастары, дәлелдері есепке алынып оған да көңіл бөлуге тырысамын. Сонымен қатар әр сабақтан соң кейін

рефлексифтік есеп жасай отырып, әр оқушының және өзіме қажетті жаңа ақпараттарды біліп отыруға тырысамын. Әр сабақты түрлендіру барысында « Автор орындығы», «Ыстық орындық», РАФТ, дискуссиялық карта, Венн диаграммасы, Жигсо т.б әдістерді қолдануға тырысамын.

Қорыта айтқанда, аталған модульдің оқушылардың мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеуде, олардың тілдерін дамытуда орны ерекше. Сонымен қатар бір-бірінің пікірімен ,көзқарасымен санаса білу, өз ойларын ашық әрі анық, еркін айтуға, пікір алмасу барысында сыйластық  мәдени

қарым –қатынастың негізі қаланары анық. Сын тұрғысынан ойлау мен дамыту бүгінгі күннің басты талабы деп білемін.

 

 

 

 

                    Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

2.     «Педагогикалық диалог» әдістемелік-ақпараттық журнал.

3.     «Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару» әдістемелік құрал.

Просмотров: 352


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст