Тақырыбы: «Махаббат пен Шығармашылық
педагогикасы»
Мақсаты:
Махаббат пен шығармашылық аясында оқушыларға махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету
дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білуге, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу.
- оқушыларды өз болашағы бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту;
Тәрбиелік мәні: Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамыту, өз-өзіне деген сенімін арттыру, адами қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» стенд, слайд, шарлар, С.Назарбаева туралы бұрыш.
І жүргізуші: (Рыскелді)
Өзіңді тану – ғаламды тану,
Жақсы менен жаманды тану.
Өзіңді - өзің талқыға салып,
Адал менен арамды тану.
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Қателігіңді түсіне білу,
Дұрыс жүріп, күтіне білу.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,
Күлетін жерде жөнімен күлу.
І жүргізуші: (Рыскелді)
Сабақты оқып, тәртіпті болу,
Білімді жинап, дүниені шолу.
Өзіңді өзің тану дегенің,
Өз бойындағы мініңді жою.
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты апталықтың ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
І жүргізуші: (Рыскелді)
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Мейірім толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден,-деп бүгінгі апталығымыздың ашылуы көңілді әрі жарасымды
аяқталуы үшін бір-бірімізге көтеріңкі көңіл күй тілейік.(ойыншықты бір-біріне беріп,жақсы тілектер айтады )
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Нұрландырып ізгі жандар тілегімен,
Күн күлер мейірімнің реңімен.
Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі,
Өтеді әр адамның жүрегінен, - дегендей салтанатты жиынның
алғы сөзін мектебіміздің анасы, жүрегі Омарова Мугульсум Бековнаға береміз.
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Сара Алпысқызы Назарбаева 1941 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы Қызылжар селосында дүниеге келді. 1992 жылғы ақпан айынан бастап —«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және
президенті. «Бөбек» қорын құрып, жетімдерге жәрдемдескен, «Өзін-өзі тану» пәнін білім бағдарламасына енгізіп, жеткіншектерді ізгілікке баулыған тұлға. 2010 жылдың 1-ші қыркүйегі – «Өзін өзі тану» пәнін Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіне жаппай енгізді.
І жүргізуші: (Рыскелді)
«Өзін-өзі тану» пәнінің балаларға, ата-аналарға,ұстаздарға берер көмегі зор, бүкіл адамзатқа өзінің жылуын сыйлап, өмірге деген жақсы көзқарасын оятып, бір-біріне деген қарым – қатынастарын жақсартып, өмірдің дұрыс жолына бағыттайды. Сонымен қатар, адамның рухани жан дүниесін байытып, ішкі жан дүниесін ашуға көп көмегін
тигізіп отыр.
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Сонымен келесі кезекті әдеби монтажға берейік.
1- оқушы:
Алғыс айтам, менің Сара апама
Бүлдіршінге бақыт сыйлап, жыр сепкен.
Бал-бөбектер анасы, данасы,
Жүректерге махабатпен нұр төккен.
2- оқушы:
Жақсы адам боп өссін деп,
Шығарған өзін тануды.
Сара апама мың алғыс,
Жолдаймыз салем жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз,
Үйреніп өнер, білімді.
Ар-ұятты да сақтаймыз,
Жолатпай жаман қылықты.
3-оқушы:
Оқушының білімін де сынайды.
Бірін-бірі ізгілікке үйретіп,
Зерделеп, сыпайы сөз құрайды.
Оқушылар өзін-өзі таниды,
Бойымызға тек ізгілік дариды.
4-оқушы:
Өмірге қызыға қарайсың,
Бәрін де бақытты санайсың.
Бұл пәнді үйренсең ерінбей,
Бойыңнан керемет байқайсың.
5-оқушы:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
.6-оқушы
Үлкен алдында иіліп сөйле,
Кіші алдында сызылып сөйле.
Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,
Сызылып сөйлегеннен сөзі үзілмейді.
7-оқушы:
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
8-оқушы:
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
9-оқушы:
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы
мейірім,
Мен үшін жоқ
уағың,
Бәріңе ортақ шуағым.
Жер шарының ұл-қызын
Жылытуға жетер қызуым
10-оқушы:
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
1-оқушы:
Құрметтеп ата-анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі-ініме,
Сыйлымын үлкен-кішіге
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау –кішілік,
Үлгілі мінез-кісілік.
ІІ жүргізуші: (Оразай)
Рыскелді, енді ақыл-кеңестер тыңдап көрелік және есте
сақтайық.
1-оқушы:
Егер бір күннің қадірін білгің келсе, оны ауырып жатқан
адамнан сұра;
Егер бір сағаттың қадірін сезінгің келсе, оны кездесуге
асыққан жандардан сұра.
Егер бір минуттың қадірін түсінгің келсе, оны жолдан
қалып қойған жолаушыдан сұра.
Егер бір секундтың қадірін білгің келсе, оны жеңіске жете
алмай қалған спортшыдан сұра.
2-оқушы:
Қоғамдық орындарда, көшеде:
Біреуді мазалаған немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайды кешірім сұра.
Адамдарды немесе заттарды саусағымен нұсқап көрсетпе.
Тесіле қарама; Адамдарға бұрылып, немесе артынан қарама.
Көшеде жүріп бара жатып тамақтануға болмайды.
Біреудің бөлмесіне немесе кабинетіне сыртқы киіммен кірме.
Есікті қағып кір. Өзіңе рұқсат етілгеннен кейін ғана отыруға болады.
3 оқушы:
Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес:
Ұстанымым салауатты өмір салты болсын және оны бұлжытпай сақта;
Денсаулығыңды жастайыңнан сақта;
Әркез мейірімді, ұстамды, сабырлы, ақылды да, мазасыздықмпен әбіржу жүрекке күш түсіреді;
Жақындарыңды құрметте, ақыл-кеңестеріне құлақ сал, олармсенің өміріңдегі басты құндылықтарың;
Өзіңе қызықты рухани жақтан қанағаттандыратын іс-әрекеттерді таңдап ал.
Таза ауада көбірек болуға тырысып, дене еңбегімен шұғылдан.
Уайым-қайғыға берілме, көңіл-күйіңді түсірме;
Қалыпты нәрсенің бәрі денсаулыққа пайдалы, ал шамадан тыс
нәрсе зиянды.
ІІ жүргізуші: (Рыскелді)
Сара Алпысқызы: «Мен бала жас кезінен әрқашан дені сау әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып, өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін, не үшін өмір сүріп, не үшін
талаптанатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып көрсете білуі тиіс»-дейді.
І жүргізуші: (Оразай)
Осымен «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты
апталытың ашылуын аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Екі жүргізуші бірге: Келесі кездескенше қош сау
болыңыздар!
Беловодское орта
мектебі
Тақырыбы: «Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы»
Өткізген:Қызыр А
2017 жыл