"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңа сөздер

23.02.2017

Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты: а)  Оқушылардан өтілген тақырыптарды  сұрай отырып, жаңа сөздермен таныстыру.

                               б) Мәтіндерден көнерген сөздер мен жаңа сөздерді тапқыза отырып, ой- өрісін  дамыту.

                                             в) Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдіс-тәсілдерін  қолдана отырып, сауаттылыққа,  шығармашылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: Топпен

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ой шақыру, іздену, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, бейне суреттер,  

Сабақтың барысы:

І. Ой шақыру. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу

  Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.

1. Көнерген сөдерді қатыстырып сөйлемдер құрап келу

Ширатпа сұрақтар:

1-топқа

1. Лексика дегеніміз не?

2.  Қолдану аясы шектеулі сөздерге қандай сөзде жатады?

3. Көнерген сөздер қанша түрге бөлінеді?

4.Тарихи сөздер дегеніміз не?

5.Архаизмдерге қандай сөздер жатады?

2-топқа

1.Лексика нені зерттейді?

2.Көнерген сөздер дегеніміз не?

3. Тарихи сөздерге қандай сөздер жатады?

4. Архаизмдер дегеніміз не?

5.Эвфемизм сөздер дегеніміз не?

ІІ. Мағынаны тану

Жаңа сөздер

   Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін сөздер жаң сөздер немесе неологизмдер деп аталады. Олар тілге алғаш енген кезінде ғана жаңа сөз болады. Кейір тілге сіңісіп, халыққа әбден танылып, жаппай қолданылған кезде жаңа сөз болудан қалады. Мысалы, космос, космонавт,спутник деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұлар қолданыла келе жаңа сөз болудан қалды. Жиі қолданылатын сөздердің қатарына енген бұл сөздер соңғы жылдары ғарыш,ғарышкер,жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен беріліп,жаңа сөздер болып есептеліп жүр.

  Оқулықпен  жұмыс.(екі топқа бір бір жаттығудан орындату)

166-жаттығу. Мәтінді түсініп оқыңдар.

       Бұл «Нұрқадам» үшін, оның иесі үшін шынында нұр жауған күн болды. Әу баста қазақтың ырымдауымен жақсы ат алған шаруа қожалығының қадамы нұрлы да құтты екен. Колхоздан жерді бөліп алған.

Өзіне үш жүз гектар жайылым мен жүз гектар суармалы жер тиген.Суармалы жерге астық, мал азығын өсіріп отыр. Биылғы егісті сеуіп болыпты.Бау-бақша салып жатыр.Қонысбек бірыңғай мал соңында кетпей, көп салалы шаруашылық жүргізбек екен.

      Банкіден несие алып, соның ақшасына колхоздан алты жүз бас қой сатып алған. Малдың жүні мен былтырғы астықтың түсімі арқасында банк қарызынан құтылған. Ендігісі – таза пайда.Өзіне пайда.Ал қожалықтың пайдасынан мемлекетке салық түсерін ескерсек, бәрімізге пайда.

 Мәтіндегі жаңа сипатқа ие болған байырғы сөздерді теріп жазыңдар.

 Сол сөздердің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын сөздіктерге сүйеніп анықтаңдар.

 Ауыл шаруашылығына қатысты тағы қандай жаңғырып (қайта жаңарып) қолданылып жүрген

сөздер барын айтыңдар.

167-жаттығу. Мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеңдер.

  Мәтіндегі неологизм сөздердің қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.

 Әңгімедегі Патшайымның кім екенін анықтаңдар.

 Мәтін мазмұнына сүйеніп, оқиғаның өту кезеңіне, ұлттық дәстүрлерге назар аударыңдар.

 

Сәйкестендіру тест

  ІІІ. Ой толғаныс. Қорытынды бөлем

Салыстыру стратегиясы

Үйге тапсырма:169-жаттығу

Кері байланыс

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст