14.02-20.02.2017жылы аралығындағы химия биология және
география пәндерінің апталығының қорытынды есебі.
Беловодское орта мектебінде 13.02-20.02.17жылы аралығында химия биология ,география апталығы болып өтті.
13.02.17 күні ҚР-ның Тәуелсіздіктің 25-жылға толуына орай «Қазақстаным-баға жетпес байлығым» атты апталықтың ашылу болды.
14.02.17 күні Химия пәнінің мұғалімі Абдуайтова.А.Б 9сыныпта химия пәнінен «Темір. Темірдің маңызды қосылыстары » ашық сабақ берді. Абдуайтова өз сабағында АКТ қолданды.
15.02.17 күні7-9,11 сыныптар аралығында пәндер бойынша сыныптан тыс «Ғылым мен пайым зерделілер» сайысы өткізілді. Оқушылар «химиктер» тобы, «географтар»тобы, «биологтар» топтары өзара сайысқа түсті. Сайыстың қорытындысы бойынша «химиктер» тобы І орынды, «биологтар» тобы ІІ орынды, ал ІІІ орынды «географтар» тобы иеленді.
16.02.17 күні биология пәнінің мұғалімі Нұға Рая 11сыныпта биология пәнінен «Адамның эволюциясының негізгі кезеңдері » атты ашық
сабақ берді. Сабақта жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді молынан қолданды.
Оқушылар белсене атты салысып қатысты.
17.02.17 күні Химия биология және география пәндерінің бірлескен «Таза болса –табиғат,адам болар-азамат» атты жоғары сынып оқушылар арасында ғылыми жоба байқауы жалғасты. Оқушылар өз жоба жұмыстарын қорғады. Жоба бойынша бас жүлдені 11сынып
оқушысы Адай Олжас, І орынды 9сынып оқушысы Хавылхан Лайла , ІІ орынды Егізбай Оразай(9сынып) мен Егізбай Ұнатхан(7сынып) және ІІІ орынды Ансаған Еркегүл (9сынып) иеленді.
20.02.17 күні. Апталықта өткізілген жұмыс жоспары уақытылы өткізілді. Осы апталықта белсене қатысып,жақсы жоғары дәрежедегі білімдерін көрсете білген оқушылар мен топтар ерекше аталып, мадақтама қағаздарыммен марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық
әдістемелік бірлестігінің
жетекшісі: Нұға.Р