"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.02.2017

Тақырыбы: §38 Темірдің маңызды қосылыстары

Мақсаты:

1.   Темірдің тотығу дәрежесіне байланысты химиялық қасиеттерін түсіндіру, темір оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық

қасиеттерін қарастыра отырып, оқушылардың біліктіліктерін дамыту;

2.Темір иондарына сапалық реакция жайлы мағлұмат беру, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау;

3.     Оқушылардың алған теориялық білімін  практикамен байланыстырып , тиімді пайдалануға, өзіндік талдау жасап, тиянақты қорытынды шығаруға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:            Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:            Аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:            

1. Салыстыру;             

 2.Талдау;

 3.Сызба нұсқа;

  4. Эксперименттік  жұмыс

 5. Деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың  көрнекіліктері:    Д.И.Менделеевтің периодтық    жүйесі ,    сызбанұсқалар, кеспе топтамалар, суреттер,  есептер 

жинағы, диаграмма, металдардың электрохимиялық кернеу  қатары, химиялық  ыдыстар, темір (ІІ)    хлориді, натрий гидроксиді, сутек

пероксиді.

Темір тұздары сілтілермен әрекеттескендегі сапалық реакциялар

2FeCl2 + 2NaOH = Fe(OH)2↓ + 2NaCl                     

                           жасыл тұнба

2FeCl3 + 3Ca(OH)2 = 2Fe(OH)3↓ + 3CaCl2

                              қызыл күрең тұнба

Темірдің химиялық қасиеттері

Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады

Fe + S = FeS – Темір

(ІІ) сульфиді

          2Fe + 3Cl2 = 2FeCl3

– Темір (ІІІ) хлориді

  3Fe + C = Fe3C – Темір (ІІ)

Карбиді

     3Fe + Si = Fe3Si – Темір (ІІ)

силициді

Қатты қыздырылған темір ұнтағы оттекте темір татын түзіп жанады

3Fe + 2O2 =

Fe3O4(FeO ∙ Fe2O3) – Темір оксиді

Темірді өндіру!

¨  Теміртау  қаласында өндіреді.

¨  Балқаш, Қарағанды,

Өскемен, Шымкент,Павлодарда түсті металлургия зауыттары бар.

Есептер шығару

1.     5%-дық 20г темір (ІІ)

сульфатының ерітіндісіндегі темір (ІІ) сульфатының массасы қанша?

2.     0,59г түзілген темір (ІІ)

гидроксидінің  20г ерітіндісіндегі темір (ІІ) гидроксидінің массалық үлесін есептеңдер?

3.     Массасы 50г темір (ІІ) гидроксидінің 2,95%-қ ерітіндісін 150г сумен сұйылтсақ, ерітіндідегі темір гидроксидінің

массалық үлесі?

Табиғатта кездесуі:

Ғарыштан түсетін метеориттер темірден тұрады.

     Сондықтан оны “аспан” немесе “жұлдыз” тасы деп атаған

Темірдің тарихпен байланысы

Темір металын Қазақстан жерінде ертеде б.з дейінгі VII ғасыр мен 204 жылға дейін өмір сүрген сақтар мен б.з дейінгі 204 жылдан б.з.216 жылға дейін өмір сүрген ғұндар пайдаланған.Олар найза, қылыш,семсер және тұрмыстық бұйымдар жасаған

Темірдің ғарышпен байланысы:

¨ 1749-жылы Енисейдің  сібір ұстасы сом темір кесегін тапқан. Ол дүние жүзіне әйгілі болып, тұнғыш метеорит деп аталған. Метеориттегі темірлер бұйым жасауға жарамайды.

Темірдің рудалы минералдары:

¨  Гематит – Fe2O3 (70% Fe);

¨  Магнетит (Магнитті темір) – Fe3O4 (72,4% дейін, Fe);

¨  Гетит – FeOOH

¨  Гидрогетит – FeOOH*nH2O (лимонит) –(шамамен 62% Fe);

¨  Сидерит – FeCO3 (шамамен 48,2% Fe);

¨ Пирит – FeS2

Темірдің медицинамен байланысы

¨  Радиация әсерінен гемоглобин

¨  синтезделмесе,адам ақ қан ауруына шалдығады.

¨  Медицинада   темірдің

¨   дәрілік препараттары,изотоптары

¨  Fe 52,Fe55,Fe59 зерттеу кезінде

¨  индикатор ретінде қан ауруын

¨ анықтауға қолданылады.

Физикалық қасиеттері:

Темір – жылтыр, күміс түстес ақ металл. Темірдің басқа металдарға қарағанда ерекше қасиеті – магниттік қасиеті.

- Темірдің балқу температурасы-    + 1539°С

   - Оның тығыздығы-    7,87г/см3

   - Қаттылығы – 4,6 Темірді өнеркәсіпте алу

Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады

Fe2O3 + 3CO = 2Fe + 3CO2 темір рудасынан болатты алу

Қолданылуы:

 ¨  Құрылыста кеңінен қолданылады. Оның иілгіштігі және  оның оңай магниттенетін       қасиеті техникада    кеңінен қолданылады

¨ Қару – жарақ жасауда кеңінен қолданылады

¨ Темір және оның қоспалары зергерлік және кәсіптік бұйым ретінде қолданылады

Темір оксидтері:

FeO суда ерімейді.Негіздік қасиет көрсетеді.

FeO + H2SO4 = FeSO4 + H2O

Жоғары температурада темір (ІІІ) оксиді екідайлы қасиет көрсетеді

FeO + Fe2O3 = Fe(FeO2)2 немесе Fe3O4

               Темір ферриті

Темір гидроксидтері:

Темірдің суда ерімейтін гидроксидтерін олардың сәйкес тұздарына сілтімен әсер ету арқылы алуға болады.

FeSO4 + 2KOH = Fe(OH)2↓ + K2SO4

Темір (ІІІ) гидроксиді аздаған екідайлық қасиет көрсетіп, қыздырғанда қышқылдарда және концентрлі сілтілерде ериді:

Fe(OH)3 + 3HNO3 = Fe(NO3)3 +3H2O

Темір гидроксидтері қыздырғанда ыдырайды.

Fe(OH)2 = FeO + H2O

  Деңгейлік тапсырмалар

            І -деңгей:

              Темір атомының электрондық және графиктік формуласын бейтарап күйіне және өзіне тән тотығу дәрежесіне сәйкес жазыңдар:

   ІІ -деңгей:

             Айналымдарды жүзеге асырыңдар:

Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2O3→ Fe

    ІІІ -деңгей:

             Темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксидін әрекеттестіргенде массасы 10,7 грамм тұнба түзілген.

Реакцияға неше грамм темір (ІІІ) хлориді қатысқанын есептеңдер.

Эксперименттік   есеп:

Темір (ІІ) хлоридінен темір (ІІІ) оксидін тәжірибе арқылы алыңдар.

Орындалуы:

FeСL2 +2NaOH = Fe(OH)2↓ + 2NaСL

Fe2+ + 2OH-= Fe(OH)2↓

Темір (ІІ) гидроксидінің айналуын тездету мақсатында тотықтырғыш сутек пероксидін қосса реакция жылдам  жүреді:

 4Fe (OH)2+ 2Н2 O2 = 4Fe(OH)3↓

                                         қызыл  қоңыр

Алынған  темір (ІІІ) гидроксидің қыздырғанда ыдырап темір (ІІІ) оксиді түзіледі.

Темір  (ІІ) оксидінің  химиялық қасиеттерін  жазыңдар.

Оқушылардың  жауабын  талдай отырып,  оқушылар өздері  білімдерін бағалайды.

Қорытынды:

Сонымен темір – қазіргі заманғы техниканың маңызды металы. Бұл орташа белсенді металл; тотығу дәрежесі +2 және +3 қосылыстар

түзеді. Темір табиғатта үлкен роль атқарады. Көбінесе, шойын және болат құймалары түрінде қолданылады.

Үйге тапсырма:

. §37ТЕМІР ,

Есеп: №8, 167 бет

2. § 38 ТЕМІРДІҢ МАҢЫЗДЫ ҚОСЫЛЫСТАРЫ .

Есеп: №6, 169-бет

Қазақстандағы темір кен орындарын картасын дайындау

 

Просмотров: 759


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст