Беловодское орта мектебінің тарих пәнінің
мұғалімі Рашат Ринаның «Зайырлылық және дінтану негіздері »пәні
бойынша 2016 - 2017 оқу жылындағы ақпараттық-сараптамасы
2016 – 2017 оқу жылынан бастап вариативті компоненттен 9 сыныпта Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі №281 бұйрығымен бекітілгенүлгілік оқу бағдарламалары бойынша «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы өткізіліп келеді .
« Зайырлылық және дінтану негіздері »курсы бойынша І тоқсанда -8, ІІ тоқсанда - 8сабақ өткізілді.
Олар :
І.Зайырлылық және зайырлы мемлекет. ( 3 сағат )
ІІ. Дін – рухани мәдениет феномені ( 2 сағат )
ІІІ. Ежелгі діни сенім түрлері және ұлттық діндер. ( 4 сағат )
ІҮ.Әлемдік діндерге ( 10 сағат бөлінсе , соның 7 сағаты
ІІ тоқсанда өткізілді. )
« Зайырлылық және дінтану негіздері »курсы бойынша
І жартыжылдықта барлығы 16 сабақ өткізілді .
9- сыныпта 2 ұл , 6 қыз барлығы 8 оқушы бар . Оқушыларымыз 100 пайыз оқулықпен қамтылған. Пайдаланып отырған« Зайырлылық және дінтану негіздері » оқулығымыз Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі ұсынған 2016 жылы «Арман- ПВ» баспасынан шыққан жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Авторлары : Д. Т. Кенжетаев, Ә.Ә. Сайлыбаев, Ө. О. Тұяқбаевтар. 9- сынып оқушылары арасында « Иландыру деңгейін анықтауға арналған тест немесе тез арадағы диагностика» жүргіздім. Тест қортындысы бойынша оқушылар өз сенімдеріне мықты.
Беловодское орта мектебі бойынша жат діни ағымдарға оқушылар тіркелмеген. Оқушыларымыз 100 пайыз
зайырлылық ұстанымды қолдайды. Ақмола облыстық білім беру басқармасының хатына сәйкес діни экстремизм мен терроризмнің алдын – алу мақсатында үзіліс уақытында 1-11 сынып оқушылары мен мұғалімдер арасында үгіт – насихат жүргізіліп, https://cloud.mail.ru/public/CRYR/z2Hwfb272. Сайтынан алынған бейнежазбалар көрсетілді.Оқушылар терроризм актісі туралы жалған хабар тарату қылмыстық
жауапкершілікке соқтыратынынан хабардар болды. Сізбен және сіздің жақындарыңызбен діни тақырыпта күдікті үгіт жүргізсе, сізге көшелерде, кіреберістерде, пәтерлерде, көліктерде күдікті діни кітаптардың, журналдардың, кітапшалардың, парақшалардың, таратылуы туралы белгілі болса «Қауырт желі » 114 –кехабарлау керектігі айтылды.