Жаңашыл оқыту-заман талабы.
Қазіргі таңда егемен елімізде білім берудің жаңа модельдері, әдіс-тәсілдері жасалып, мектеп ұжымдары өз жұмыстарына инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізіп, заманауи әдістерді қолдануда. Осыған байланысты біздің мектебімізде де бірқатар жұмыстар жасалуда. Беловодское орта мектебінде қаңтардың 17-ші жұлдызында Аудандық «Оқу мен тәрбие арқылы «Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқушылар бойына қалыптастыру атты қазақ
тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінің семинары өтті. Бұл семинарға аудан мектептерінің қазақ тілі мен
әдебиет пәндерінің шығармашыл, көп жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан ұстаздары мен бірге еңбек жолын жаңа бастап келе жатқан жаңа буын ұстаздары да қатысты. Семинарға мектебімізде Дарменова Б.М 9-сыныпта
«Жыраулар поэзиясын қайталау. Асан Қайғы» оқытудың жаңа әдістерін, соның ішінде сын тұрғысынан ойлау элементтерін шебер қолдану арқылы семинарға қатысушыларға жақсы әсер қалдыра білсе, ал Хинаят Кумисгуль
8-сыныпта өткен «М.Дулатұлы Шешенің балаларды сүюі» деген тақырыпта өткізген сабағы жақсы бағаланды және мектебіміздің тарих және дінтану пәндерінің мұғалімі Рашат Ринаның басшылығымен «Мәңгілік Ел білімді ұрпақ» атты 9-11 сыныптар аралығында сыныптан тыс іс-шара өтті. Бұл іс-шара жоғары бағаланды. Мектеп психологі Қызыр Айгүлдің өткізген психологиялық тренинг аудан мұғалімдерінің көңіл-күйлерін бір сергітіп тастады. Сонымен бірге Островское орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Бірлестік Әлемгүл «Қазақстандық патриотизм- «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» атты баяндама оқып, іс-тәжірибесімен бөлісті. Аудандық әдістемелік бірлестік жетекшісі Садвакасова Г.С мұғалімдерге дөңгелек үстел барысында «Оқытуда
кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» атты коучинг сабақ өткізді. Коучинг қатысушы мұғалімдердің
сабақ беру барысында болатын кедергілерден шығудың жолдарын өздері тауып, қиындықтарды шеше білетіндеріне сенім бере білді. Коучинг соңында біздің мектеп әкімшілігінің атынан оқу ісінің меңгерушісі Дүйсенбаев М.Б.сөз сөйлеп, өз ризашылығын білдірді. Аудандық мектеп мұғалімдері қатысқан сабақтарға өз бағаларын беріп,риза болғандарын және осы сияқты семинарлардың көбірек болуларын айтты.