"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жыраулар поэзиясын қайталау. Асан қайғы

19.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Жыраулар поэзиясы.Асан қайғы.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға тақырып туралы жалпы түсініктер бере отырып, Асан Қайғы туралы түсініктерін кеңейте түсу.Сонымен бірге топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыра түсу.Оқушыларды адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа материалды оқып-үйену сабағы

Сабақтың әдісі: сөздік әдіс, сұрақ-жауап, талдау, топпен жұмыс.

Технологиясы: СТО

Көрнекіліктер: жырау портреті, қосымша материалдар, слайдтар, кестелер

Пәнаралық байланыс: тарих, география, қазақ тілі.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар «Шаттық» шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

ІІ Үй жұмысын тексеру «Зымыран сұрақтар».

1.     Жырау деген кім?

2.     Қандай жырауларды білесіңдер?

3.     Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар?

4.     Ежелгі дәуір әдебиетіндегі данагөй кеңесшілерді

ата, олардың жыраулармен ұқсастығы бар ма?

5.     Жыраулардың шығармаларын не деп атаймыз?

6.     Толғау қандай сипаттағы шығарма?

7.     Жыраулардың өз толғауларында көтерген негізгі

тақырыбы қандай?

8.     Жыраулар поэзиясының құндылығы неде?

9.     Жыраулар поэзиясы қай кезден бастап өріс алды?

ІІІ Жаңа сабақ

   «Қызығушылықты ояту»

 1.  Асан қайғы деген кім?

2.  Оның Асан қайғы

аталуына не себеп болды?

3.  Асан

қайғының қандай толғауларын білесіңдер?

Топтастыру

2. «ББҮ» кестесі

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

 

 

 

2) Мағынаны тану

1. Асан қайғының өмірі

мен шығармашылығы

Асан Қайғы (Хасан

Сәбитұлы)

Өмір сүрген кезеңі:  ХІҮ- ХҮ ғғ. (шамамен 1330 – 1450 жж.)

Мекендеген жері: Арал өңірінің Сырдария жағасы

Қаратау мен Сырдың

арасына көз сала отырып, Асанқайғы бабамыз: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен», – деген екен.

Қызметі:Асанның біраз өмірі Қазанда хандық құрған Алтын Орда әміршілерінің бірі – Ұлұғ Мұхамед тұсында өтеді, кейін қазақ ханы Жәнібек Жәнібектің ақылшысы болған.

Толғаулары:

Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері:

1) дидактикалық сарындағы толғаулар (насихат, өнеге сөз, ғибрат айтылуы): «Еділ бол да, Жайық бол».

2)  Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары (арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел басқару ісіне де араласуы, сын айтуы): «Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің»

3) Өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні түсіндіретін толғаулары: «Қырында киік жайлаған»

4) Болжалдық сарындағы толғаулар: «Қилы, қилы заман болмай ма».

Күйлері: «Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б.

Арманы: Асан Қайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк

артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың «Жерұйықты» (кейде «Жиделібайсын» делінеді) іздеуі атақты Томас Мор «Утопиясы» (1516 ж.) мен Томмазо Кампанелланың «Күн қаласы» шығармасындағы (1602 ж.) қиял-армандарымен ұштасып жатыр.

Кесенесі орналасқан жері: Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы.

Ғалымдар бағасы: Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш.Уәлиханов)

 «Асан Ата – ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» (Ә.Марғұлан).  

 «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі – осы Асан қайғы»(Мұхтар Әуезов).

2. Үш жақты күнделік

Жаңа сөздер, терминдер

Туындаған сұрақтар

Баға

Утопия

Бұл не?

Утопия – қиял сөзінің синонимі

 

3.     Толғауды оқу, талдау

ХҮ-ХІХ ғғ. ақын-жыраулар шығармаларындағы «кеңістік» ұғымына енетін «жер бедері», «тау», «су» жүйелеріне

қатысты жиі қолданылатын жалпы атаулар мыналар: шөл, көл, қара жер, қыр, қоныс, өзен, жайлау, дала, тас т.б.

Ал жалқы есімдер қатарын Еділ, Жайық, Көкшетау, Оймауыт, Ойыл, Қиыл, Жем, Сағыз, Алатау, Ақжайлау,

Сандықтас, Тарбағатай, Аягөз, Сарыарқа, Арқа, Алакөл т.б.

Жайық атауы шығармаларда өте жиі қолданылады. Тура мағынасында, Жайық – арнасы еш уақытта төмен

түспейтін су молшылығының образы. Ал қосымша мағынасында, Жайық – ғашықтар елі, Қыз Жібектің елі секілді мағыналарға ие болатын атау.

Асан қайғы толғауында Жайық төмендегі тұжырымға ие болады:

Еділ бол да,

Жайық бол,

Ешкімменен ұрыспа (кеңпейілділік)

4. Мәтінмен жұмыс

Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық

Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай

Болымсыз етістіктер:

ұрыспа, тұрыспа, куыспа, жуыспа, суыспа.

Фразеологизм: желке терісі құрысу – араздасу

Көркем тіл түрлері: ашу – дұшпан (метафора)

5. Пікір күнделігі

Шығармадан үзінді

Өз пікірім

Мақал-мәтел

 

 

 

 

6.     «Фишбон» немесе «Балық қаңқасы»

1)   Мәтінді оқу

2)   «Қаңқаның басында» мәтінде қарастырылатын проблема белгіленеді

3)   Жоғарғы «қосымша бұтақтарына» проблеманың себебі белгіленеді, төменгі «сүйекшелерінде» оқу барысында себепті нақтылайтын дәйектер жазылады.

4) Балықтың «құйрығында» қорытынды жазылады

5) Презентация

3)    Рефлексия

1. 5 минуттық эссе: Асан Қайғының еңбектерінің  маңызы неде?

2. Синкуейн (бес жолды өлең)

3. «Ұйқасын тап»

Адамдықты толғап өткен бұрыннан,

Жырау деген – қасиетті  ... .

Жерұйықты іздеп, дүниені шарлаған,

Асан қайғы – неткен ғажап ...  .

ІҮ Үйге тапсырма

1. «Еділ бол да, Жайық бол» толғауын жаттау.

2. Тұжырым кестесін толтыру

Ү Бағалау

 

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст