"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Беловодское ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі

14.01.2017

 

 

Әлемге әйгілі шығыс ғұлама  Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ:

 «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген.

 Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек.

 

“Тек ата-ана мен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен,

адамдық бақытты беруі мүмкін”

В.А.Сухомлинский

Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,15-ке дейін құлыңдай жұмса,

15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыз. Бала бойындағы жағымсыз мінез-құлықтар үнемі есепке алынып, ата-ана мен мұғалім бірлікте болып, баланың

жақсы, жағымды істерін ылғи марапаттауы қажет.

Құрметтіата-ана!

Бала тәрбиесі - ата-ана  үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім.

 Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе

келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «не істеукерек» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу – үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.«Ұлды тәрбиелеп отырып,  жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып,  ұлтты тәрбиелейміз» деген  дана сөз бар.

  Ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеттері:

1.     Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2. Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3.Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4.Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5.Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6. Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

 

Ата– аналарға кеңес.                                                      

—  Егер баланы үнемі сынап отырса, оның оқуға құлқы болмайды.

—  Баланы  мақтап отырса ол өз қадірі үшін оқиды.

—  Бала төзімділікте өссе, ол  басқаларды түсінуге үйренеді.

—  Бала адалдықта өссе, ол адал болып жетеді.

—  Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамдарға сеніммен қарайды.

—  Бала кекшілідікте өссе, ол қатыгез болып өседі.

—  Бала түсінікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

—  Егер сіз балаңызды жақсы көргігіңзікелсе...

—  Бірінші кеңес.

—  Баланы ерекше әлпештеп жібермеңіз. Мейлі үйде, мейлі түзде болсын, бала өзіне де не керек екенмін деген сезімде болуы, басқаларды құрметтеуді ұғыну жөн. Тіпті әлпештеуге тура келген кейбір жағдайда да оны баланың өзіне сездіруге болмайды.

—  Баланы орынсыз мадақтай бермеңіз.

—  Екінші кеңес.

Баланың ырқына жүре бермеңіз. Балан не талап қойса, соған елпілдеп, айтқанын да айтпағанын да алып бере беруге болмайды.. Өте керекті зат, ақша секілді нәрселерге келгенде қайсысының қажет қайсысының қажет емес екендігін айтып, түсінідіріп қою қажет.

 

—  Ата-аналарға арналған этикалық кодексте:

—  1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

—  2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

—  3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

—  4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

—  5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

—  6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс қалмаңыз.

—  7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

—  8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

—  9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

—  10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

—  11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

—  12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға

қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

Просмотров: 360


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст