Салтанатты шараның шымылдығы еліміздің Әнұранымен ашылды. Одан кейін мектеп директоры Дуйсенбаев Мерекебай Жасылыкович оқушылар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге ақ тілегін жеткізді.
Аяқталғалы отырған оқу жылы біздің мектебіміз үшін де жемісті жыл болды. Біздің оқушыларымыз биылғы оқу жылында 68 пайыз білім сапасын көрсетті. Яғни 66 оқушының 14-і үздік, 28-і оқу екпіндісі атанып отыр. Бұл — біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың талмай еткен еңбектерінің жемісі. Тарих пәнінен 5-сыгып оқушысы Егизбай Әлия аудан бойынша 1-орын иеленіп, облыстан 3-орынға ие болды, 5-айдың 29-ы күні Жақсы аудан әкімінің қабылдауында болып, Алғыс хат пен 15000 теңге сертификатпен марапатталды.
Еліміздің болашағы — сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан әр кезде терең білім алу жолында жалықпай, талмай, ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңыздыі тілеймін. — деді мектеп басшысы түлектерге.
Шара барысында мектеп директоры биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, қатысқан ұстаздар мен оқушыларға алғысын айтты.
Жиында түлектер ұстаздарына жүрекжарды өлеңдерін арнап, әсем әндерін жолдап, ұстаздарына Алғыс хат пен гүл шоғын табыстады. Ал мектеп бітіруші түлектердің ата-аналары атынан Арин Дилмар мектеп басшылығы мен ұстаздарға ризашылығын білдіріп, түлектерге ақ тілегін жолдады.
Осыдан 11 жыл бұрын кішкентай болып осы мектепке келген балапандар қазір, міне, әдемі жігіттер мен қыздар болып өсті. Түлектер, сіздерді осындай деңгейге жеткізген ұстаздарыңызға мың алғыс! Сіздерді ата-аналар атынан бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтап, Ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы баға алуларыңызға тілектестік білдіремін, — деді ол.
Соңғы қоңырауды 11-сынып оқушысы Жақсылықова Малика мен 1-сынып оқушысы Бекжан Дінислам соқты.
Айта кету керек, биыл мектепті 4- түлек бітіріп отыр. Оның біреуі — үздік аттестатқа, «Алтын бегі» үміткері. Келесі оқу жылында да мектеп жетістіктері көп болсын, ұстаздарымызға, оқушыларымызға мықты күш жігер тілейміз.