Мейірімділік пен шығармашылық
Еліміздің мектептерінде дәстүрге айналған жыл сайын ақпан айының 1 мен 12 аралығында өзін-өзі тану пәнінен онкүндік өтіледі.Сол мектептердің бірі болып біздің Беловодское орта мектебінде де «өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік ұйымдастырылды.ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол – халқымыздың ұлттық
құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады.
Өзін-өзі тану – адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі – ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен,философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі.
Онкүндік аясында жоспарланған іс-шаралар оқушыларға мейірімдік,адамгершілік,қамқорлық,ұйымшылдық, шығармашылық дағдыларын қалыптастыра отырып,күнделікті өмірде қолдана білуге бағытталды.
Онкүндік аясында мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ «Мейірім төгетін ана» атты кітап
көрмесі мектебіміздің кітапханашысы Садвакасова Б.Ж –ның ұйымдастыруымен өтті.
«Отбасы жарастығы» деген атпен бастауыш сынып мұғалімі ашық тәрбие сағатынөткізді . Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Қызыр Айгүл «Табиғат-шабыттың қайнар көзі»тақырыбында ашық сабақ және «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын өткізді.
«Халықтан асқан ұлы ұстаз жоқ» дейтін болсақ, ұлттық рухани мұралар – ұрпақтың рухани-адамгершілік
азығын жетілдіретін негізгі өзегі болмақ.
Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет.
Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез келген ортада белсенділік көрсете алатын қабілеттерін жетілдіруді көздейді.
Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны
қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты - әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету.
Осыларды ескере отырып, еліміздің мектептерінде 2001 жылдан бері «Өзін-өзі тану» бағдарламасы саралаудан өткізіліп, оқу жүйесіне енгізіліп келе жатқан еді. Ал 2010-2011 оқу жылынан бастап бұл пән жалпы білім беретін мекемелердің барлығына жаппай енгізілді.
Беловодское орта мектебінің
өзін-өзі тану
пәнінің мұғалімі
Қызыр А