Жарқын болашақ
Мемлекеттік тіл-–ұлан ғайыр қазақ елін мекендеген қазақ халқы мен өзге ұлт өкілдерінің тарихи тағдырын тоғыстырған , теңдік пен татулықты ұстанатын халықтарының тілі. Осы мемлекеттік тілді қолдау аясында, әрі қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша ерекше дарынды, талантты оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Жақсы ауданында «Жарқын болашақ» атты олимпиада өтті. Бұл олимпиаданың басты мақсаты-қазақша сөйлеумен қатар қазақ тілінде ән орындау және ғылыми жоба қорғаумен қатар оқушы шығармашылық жұмысын байқату.
Сонымен бірге қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын ерекше меңгергендіктерін, бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы,бір сырлы» оқушыларымыз бақтарын сынап қайтты. Бұл сайысқа аудан мектептерінің дарынды «жүзден жүйрік» оқушылары қатысты. Беловодское орта мектебінен «Әнші –бұлбұлдар» номинациясы бойынша 8-сынып оқушылары Ажигулова Диана және Бекбергенова Зарина қатысса, ал «Тілші-әдебиетшілер» номинациясына 10-сынып Хавылхан Лайла қатысты.
«Әнші –бұлбұлдар» номинациясына « Туған жер» атты өлеңі орындалып, көрермендердің ілтипатына бөленді. Музыкалық жетекшісі- Анеф Нурлан. «Тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша оқушылар қазақ
тілі мен әдебиет пәндерінен тест жұмысын орындады (100 сұраққа жауап берулері тиісті). Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Дарменова Б.М. «Жарқын болашақ» қорытындысы бойынша «Тілші-әдебиетшілер» номинациясы бойынша 10-сынып Хавылхан Лайла ІІІ орынды иеленді.
Дарменова Б.М