Текст
Бүгін ауылымыздың мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталды. Көңілдері алып ұшып, мектепке асыққан балдырғандардың шат көңілі, ұстаздар мен ата-аналардың қуанышты сәті көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
«Мектебім – мейірім мекені» атты алғашқы қоңырау салтанаты еліміздің Әнұранымен ашылып, шара төріне мемлекеттік Ту кіргізілді.
Беловодское мектеп қабырғасына алғаш қадам басқан бүлдіршіндер ұстаздарымен бірге шығып, ата-аналары мен ұстаздарына тілектерін өлең шумақтарымен жеткізді. Көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлаған алғашқы қоңырау салтанатына ауыл әкімі Дахай Жардем қатысып, жаңа оқу жылы қарсаңында ұстаздар мен оқушыларға деген ізгі лебізін жеткізді.